Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басталған істі бағытымен жалғастырамыз

Басталған істі бағытымен жалғастырамыз

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталғанын айтты. Президенттің пікірінше, «АMАNАT» осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысып келеді. Сонымен қатар партияның қолға алынған реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға қосып жатқан үлесіне тоқталды.
Жалпы алғанда, партиялық алаңда сең қозғалғанын көріп отырмыз. «Adal» партиясының «АMANAT» партиясымен бірігу жөніндегі бастамасы – басталған өзгерістердің жарқын көрінісі. «Adal» партиясының жетекшілері мен мүшелеріне осы маңызды шешімдері үшін ризашылығымды білдіремін. Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұлретте, партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан, «Adal» партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. «Adal» – өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар съездің тағы бір тарихи сәті "AMANAT" партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партия төрағалығы бойынша өкілеттілігін тоқтатып, партия төрағалығына Ерлан Қошанов бір ауыздан сайланды.
Алдағы уақытта партияластар жаңа төрағаның төңірегіне топтасып, басталған істі өз бағытымын жалғастыруға белсенді атсалысады деп сенемін.



Қазалы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы
депутаттық фракциясының мүшесі,
Имандосов Нұрлан Самұратұлы.
27 сәуір 2022 ж. 594 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031