Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, қар: Демалыс күндері құбылмалы ауа райы болады

Жаңбыр, қар: Демалыс күндері құбылмалы ауа райы болады

Астанада күн суытып, Шымкентте ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі
Жаңбыр, қар: Демалыс күндері құбылмалы ауа райы болады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы демалыс күндері ауа райы әртүрлі болады. Астанада жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Алматыда жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталса, Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Астанада жаңбыр мен қар жауады
Елордада 20 қарашада құбылмалы бұлтты болады. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Күннің бірінші жартысында да жауын-шашын күтіледі. Кей уақытта тұман түседі. Жел шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -2–-4 градус, күндіз +3–+5 градус шамасында болады.
21 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Алайда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -1–-3 градус, күндіз +5–+7 градус болады.
Ал 22 қарашада түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -1...+1 градус, күндіз +6–+8 градус болады.
Алматыда күн жылы болады
Алматыда алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 20 қарашада құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы +4–+6 градус, күндіз +13–+15 градусқа дейін көтеріледі.
21 қарашада да жауын-шашын болмайды. Құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +4–+6 градус, күндіз +13–+15 градус жылы болады.
22 қарашада да күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы +6–+8 градус, күндіз +14–+16 градус болады.
Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Шымкентте 20 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде жел екпіні 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +9–+11 градус, күндіз +18–+20 градус болады.
21 қарашада құбылмалы бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +11–+13 градус, күндіз +18–+20 градус болады.
Ал 22 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстіктен секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +9–+11 градус, күндіз +18–+20 градус шамасында болады.



20 қараша 2026 ж. 28 0

20 қарашаға валюта бағамы

20 қараша 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30