Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зобқа қарсы тұнбалар

Зобқа қарсы тұнбалар

Редакциямызға хабарласып, зобқа қарсы тиімді рецептті сұраушылар көп. Соған орай біз 2010 жылы Мәскеу қаласында басылып шыққан «Халық медицинасының энциклопедиясы» кітабынан бірнеше тәсілді аударып ұсынуды жөн көрдік. Бұл қалың кітаптағы рецепттерді медицина ғалымдары мақұлдаған. Дегенмен де ем кезінде дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз демекпіз.
Жылауық тал тұнбасы
Жылауық талдың (ива) жас бұтақтарынан бір құшақ жинап алыңыз. Жуып, ыңғайлы етіп кесіп алған соң үлкендеу ыдысқа (кас­трюль) салып, үс­тіне су құ­йы­ңыз. Оны баяу от­та, жартысы қал­ғанша ұзақ қайнатқанда суы қай­мақ сияқты қою тартып, түсі қара-қоңыр тартуы тиіс. Осы қоймалжыңды күнде ұйқы алдында мойын тұсына жылы күйінде жұқалап жағып, сыртынан құрғақ дәкемен орап қою керек. Осылай үш ай жасағанда зоб көлемі екі есеге дейін кішіреюі тиіс.
Бал қосылған ботқа
Халық медицинасында тиімді саналатын емнің бір түрі – бал қосылған ботқа да зобтың асқынуын тоқтатып, оған ем болады екен. Ол үшін 1 стакан таза бал керек. Грек жаңғағын шағып, дәнінен 1 стакан алыңыз. Сосын жуылып-шайылған 1 стакан қарақұмық (гречка) дайындаңыз. Жаңғақ пен қарақұмықты мейлінше ұнтақтау керек. Алынған ұнтақты балға қосып, біркелкі қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Көріп тұрғаныңыздай, бұл құрамы витаминге толы нағыз емдік ботқа. Осы ботқаны алтыға бөліп, кешке дейін жеп тауысу керек. Таңертеңгісін ашқарынға бас­таған тиімді. Астан жарты сағат бұрын тұтынған дұрыс.
Үш күннен кейін жаңадан ботқа әзірлеп, оны да осылай алты бөліп, бір күн ішінде тауысу керек. Ем барысын, ағзадағы өзгерісті бақылай отырып, 1 айдан 3 айға дейін жалғастыруға болады. 1 ай үзілістен кейін тағы қайталаған тиімді.
Шырғанақтың шипасы
Шырғанақ (облепиха) жемісі, зәйтүн майы (оливковое масло), йод үшеуінен де зобқа қарсы ем жасауға болады. Ол үшін шыр­ғанақты шырынсыққыштан өткізесіз. Оның қоймалжың болған «ботқасын» бір ыдысқа салып, бетін толық жабатындай етіп зәйтүн майын құйыңыз. Бетін бірнеше қабатталған дәкемен жауып, 2 апта тұндырыңыз. Белгілі уақыт өткен соң дайын болған майды қалқанша без үстіне жағасыз. Сыртынан йод «сеткасын» сызу керек. Оны бірнеше қабатталған дәке немесе бинтпен орап тастаңыз. Сыртынан целлофан, сосын жылы орамал таңу керек. Түнге қарай жасалған бұл «компресс» кезінде йод таңға дейін сіңіп, жоқ болып кетеді. Бұл емді 10 күн жасайды. Нәтижесі оңды болары сөзсіз.
zamana.kz


10 сәуір 2018 ж. 2 203 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930