Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Мәжілістің 29 депутатын сайлай алады - министр

Қазақстандықтар Мәжілістің 29 депутатын сайлай алады - министр

Әділет министрі Қанат Мусин қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының кейбірін тікелей дауыс беру арқылы сайлай алатынын айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, президент Жолдауына сәйкес елімізде депутаттарды сайлау жүйесі өзгеріп жатқанын атап өтті.
"Егер қазір Мәжіліс депутаттары партиялық негізде сайланатын болса, енді депутаттардың 30 пайызы тікелей қазақстандықтар сайлайтын аумақтан, ал 70 пайызы партиялық тізім бойынша сайланатын болады", - деді ол.
Мусин бүгінде Сенат депутаттарын аумақтан халық сайлайтынын, бірақ заңда белгіленген квотаға сәйкес оларды тікелей халық емес, мәслихаттар сайлайтынын баса айтты.
"Жаңа өзгертулер Мәжіліске сайлануға мүмкіндік береді, бұл Парламенттің тағы бір палатасы, аумақтық сайлау округтерінен 29 депутат тікелей халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланады", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сауалдарына жауап береіп.
Оның айтуынша, белгілі бір аумақтан халық сайлаған депутатты өз міндеттері мен сайлау алдындағы уәделерін орындамаған жағдайда сайлаушылар кері шақырып алуы мүмкін, яғни депутаттық мандатынан айырылуы мүмкін.

"Сенатты құру тәртібі де өзгеріп жатыр. 15 депутаттың орнына 10 депутатты Президент тағайындайды, оның бесеуін өз қалауы бойынша, 5-ін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындайды", - деп еске салды министр.
18 сәуір 2022 ж. 286 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930