Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді аударымдарды салық органдары бақылайтын болады

Мобильді аударымдарды салық органдары бақылайтын болады

15 сәуірден бастап мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды. Жеке тұлғаның банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан ақша аударылған болса, бұл кәсікерлік қызметтен пайда табу болып есептеледі, деп хабарлайды Экспресс К.
"ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығында бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсікепрлік қызметтен пайда табу болып есептелетіні айтылған", — делінген комитет хабарламасында.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына мыналар кіреді:
1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы.
Айта кетсек, Салық кодексінің талаптары бойынша, екінші деңгейдегі банктер 2025 жылға дейін салық органдарына жеке тұлғалардың мәліметтерін кезең-кезеңімен беруі көзделген. Бұл процесс бірнеше санат бойынша бірнеше кезеңмен іске асырылмақ.

1 кезең — 2022жылдың1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін).Бұл кезеңде мемлекеттік қызметішлер мен олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметшігетеңестірілгендер мен олардың жұбайлары туралы мәліметтерді береді.
2 кезең — 2023жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл аралықта бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайлары,квазимемлекеттік сектор қызметшілері мен олардың жұбайлары туралы мәліметтер беріледі.
3-кезең — 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл кезеңде Заңды тұлғалардыңбасшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары туралы мәліметтер беріледі.
4 кезең — 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл кезде халықтың қалған санаттары туралы мәліметтер беріледі.
"2023 жылы екінші деңгейлі бакнтер мен жекелеген банк операцияларын іске асыратын ұйымдар 1 кезеңге жататын тұлағалардың мәліметтерін өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұл бұйрықтың жеке тұлғалардың, парасатты салық төлеушілердің арасындағы ақша аударымдарына қатысы жоқекенін атап өтеміз. Құжат салық мониторингінің сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына және салықтөлеуденжалтарудың алдын алуға бағытталған", — деп жазылған комитет түсіндірмесінде.
15 сәуір 2022 ж. 570 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930