Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

Қазақстанда мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар қандай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағаланатыны сипатталған жоба дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құжат 2 наурызға дейін "Ашық НҚА" сайтына жария талқылауға шығарылды.
Банктік шоттарына мобильді аударымдар арқылы табыс түсетін кәсіпкерлерді мына критерий бойынша анықтау жоспарланып отыр:
"Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан ағымдағы банктік шотқа ақша қаражатын алуы болып табылады", - делінген құжатта.
Яғни жеке тұлғаға үш айда 100 адамнан ақша аударылса, онда мұндай қызмет кәсіпкерліктен табыс алу белгілеріне жатқызылады.
Қаржы министрлігі банктердің осындай операциялар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін де бекітуді жоспарлап отыр. Банктер мен ұйымдар сұратуды алған күннен бастап белгілі бір мерзім ішінде мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетіне Microsoft Excel форматында электрон пошта арқылы жібереді.
Бұған дейін Қазақстанда "мобильді төлемдер" ұғымы енгізілген болатын, кәсіпкерлерге кәсіптен түсетін ақша мен жеке түсімдерді бөлу міндеті жүктелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға желтоқсанда қол қойды.
21 ақпан 2022 ж. 682 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 298

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031