Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табандылықтан танбаған

Табандылықтан танбаған

Алматыда жерлесім, әрі досымдай болған Әбен Жұмашевпен жиі кездесіп тұратын едім. Ол шеберлігі шыңдалған аудармашы-журналист болатын. Әсіресе аудармашылық талантының арқасында жоғары лауазымды кісілермен көбірек қызметтес болған. Бірде Әбекең маған мынадай бір өз басынан өткізген әңгімені айтқан еді...
«Үкімет кеңсесіне ілеспе (синхронды) аудармашы керек» деген хабарландыруды есітіп, конкурсқа түсіп, жұмысқа қабылданушылардың тізіміне ілігеді. Алайда жұмысқа қабылдаушы: «Жаңа костюм-шалбар киіп, сәнденіп келіңіз!» – деп, қайта-қайта бетін қайтарумен болады. Осы аралықта Әбен Алматыдағы Жоғарғы сот кеңсесіне барып, аудармашылық жұмысқа орналасып алады. Жалақысы да тәуір, әрі басшылардың ізіне еріп, сабылмай-ақ, жайлы да, жылы кабинетте отырып орындайтын ісі өзіне қатты ұнайды.
Бір апта өткен соң, Үкімет кеңсесінен телефон шалынады. Олардан «Әбен Жұмашев сіз жұмысқа қабылдандыңыз, сізге лайықты бірнеше костюм-шалбарды да алып беретін болдық, тезірек келіңіз! – деген хабар алады. Алайда Әбен жалпақ шешейлікке бой ұрғандардың сөздеріне құлақ аспайды. Жоғарғы соттағы жылы орнын суытпай ілеспе-аудармашылық жұмысын ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарады. Жоғарғы сот Астанаға көшкенде де, ұжымымен бірге болып, сол жақта жаңа пәтер алады. Отбасының берекесі мен бірлігін сақтап, өмірінің соңына дейін сүйікті мамандығын адал атқарған Қазалының төл перзенті Әбен Жұмашев осындай жайсаң мінезді жандардың бірі еді.
Айбол БИТУҒАНОВ
09 сәуір 2018 ж. 1 236 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930