Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қандай маркетплейстер бұғатталады?

Қазақстанда қандай маркетплейстер бұғатталады?

Фото: depositphotos.com
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркеліп, ҚҚС төлеуге міндетті, әйтпесе олар жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысы Еділ Әзімшайықтың айтуынша, ҚҚС-ті қазақстандық сатып алушылар емес, шетелдік маркетплейстердің өздері төлейді.
"Бұл шетелдік компанияларға қатысты. Олар Қазақстанда тіркелуі керек, сот жүйесі арқылы емес, шартты түрде. Біз арнайы тізілімді енгіземіз, оған кіретіндер азаматтарымыз жасаған сауда бойынша бюджетке ҚҚС төлейді. Шетелдік компаниялар салықты айына бір рет, келер айдың 20-сына дейін төлейді", - деді ол.
Қысқаша айтқанда, шетелдік интернет-платформа тіркеуден өтпесе және ҚҚС төлемесе, оған Қазақстан аумағында қолжетімділік тоқтатылады. Яғни, сайт қазақстандықтар үшін бұғатталуы мүмкін.
Бақылау Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, төлемдер арқылы жүргізіледі.
2026 жылдан бастап мұндай компаниялар үшін де ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне сай, ҚҚС тіркеу шегі 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендейді.
30 қазан 2025 ж. 225 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031