Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері Қазақстанға 12 млн шетел азаматы келген

Жыл басынан бері Қазақстанға 12 млн шетел азаматы келген

istockphoto.com
2025 жылдың 9 айының қорытындысы Қазақстанға халықаралық деңгейдегі қызығушылықтың өсімін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметіне жүгінсек, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 12,2 миллионнан астам шетелдік азамат келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 730 мың адамға көп.

ТМД құрамына кірмейтін  мемлекеттерден Қазақстанға келушілер қатары артқаны байқалады. Олардың саны бойынша ТОП-5 ел:

ҚХР
Жыл басынан бері Қазақстанға 693 мыңнан астам Қытай азаматы келген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға жоғары. Қызығушылықтың артуына визасыз режимнің енгізілуі, тікелей әуе қатынасының кеңеюі және еліміздің туристік әлеуетін Қытай нарығында ілгерілету септігін тигізді. Қазақстан топтық және жеке саяхаттар үшін де Қытай азаматтары арасында тартымды бағытқа айналуда.

Үндістан
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 113 мыңға жуық үндістандық азамат болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (106 мың адам) жоғары.

Түркия
Жыл басынан бері Қазақстан 103 мыңнан астам түрік азаматын қабылдады. Келушілер қатарының артуына тұрақты әуе қатынасы, елдер арасындағы мәдени және іскерлік байланыстар ықпал етуде.

Германия
2025 жылдың 9 айында Қазақстанға 81 мыңнан астам германиялық азамат келді. Этнотуризм, бірегей табиғи ландшафттар және тарихи-мәдени орындар -  негізгі тартымды нысандар.

Оңтүстік Корея
Бұл елден келушілер саны 25%-ға артып, 41,3 мың адамды құрады. Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанды жиі таңдайды. Оған тікелей әуе рейстері, визасыз режим, еліміздің табиғатына, мәдениетіне және ұлттық тағамына қызығушылық та өз әсерін тигізеді.


30 қазан 2025 ж. 207 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031