Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде табыс пен мүлік туралы декларацияға өзгерістер енгізілді

Елімізде табыс пен мүлік туралы декларацияға өзгерістер енгізілді

Фото pixabay.com
2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі жеке тұлғалардың табысы мен мүлкі туралы декларация нысандарына және оны толтыру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа талаптарға сәйкес, декларация жыл сайын есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қарай тапсырылады. Бұл норма жеке тұлғада активтер мен міндеттемелер туралы есеп беру міндеттемесі пайда болған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Сонымен бірге, 270.00 нысаны бойынша табыс пен мүлік туралы декларация тапсыруға тиіс тұлғалардың тізімі нақтыланды.

Оған төмендегілер кіреді:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес декларация тапсыру міндеті бар тұлғалар;
банктердің, сақтандыру және инвестициялық ұйымдардың ірі қатысушылары мен олардың жұбайлары;
жарғылық капиталда 10%-дан астам үлесі бар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (бейкоммерциялық ұйымдардан басқа);
жеке тәжірибемен айналысатын азаматтар;
кәсіпкерлікке қатысы жоқ табыс алған тұлғалар;
есепті жылдың соңында шетелдік банктерде жалпы сомасы 1000 АЕК-тен асатын қаражаты бар азаматтар;
шетелде тіркелуге жататын мүлік иелері;
өз иелігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
есепті жылы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік (Қазақстанда не шетелде) сатып алғандар.
Бұл санатқа, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын және тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері кіреді.
Сонымен қатар салық агентіне шегерімдердің алдын ала сомасын қолдану туралы өтініш берген азаматтар да декларация тапсыруы тиіс.
Мамандардың айтуынша, енгізілген өзгерістер жеке тұлғалардың қаржылық ашықтығын арттыруға және көлеңкелі табыстардың алдын алуға бағытталған.
30 қазан 2025 ж. 217 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031