Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Төрт жылда инвестиция 233% көбейді»: Нәлібаев Тоқаевқа есеп берді

«Төрт жылда инвестиция 233% көбейді»: Нәлібаев Тоқаевқа есеп берді

Әкім көбіне өңірдің инвестициялық жағдайы туралы баяндаған
«Төрт жылда инвестиция 233% көбейді»: Нәлібаев Тоқаевқа есеп берді
Фото: Ақорда
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймаққа сапарлап келген президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде есеп берген.
«Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 233 пайызға артқанын баяндады. Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды», - деп хабарлаған Ақорда.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба орындалмақ. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.



30 қазан 2025 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031