Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерге деген іңкәрлікпен...

Туған жерге деген іңкәрлікпен...

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында:«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап көрсетілгендей, туған жердің мерейін өсіріп, халқына риясыз қызмет етіп жүрген жандар бар. Атап айтсақ, Ақсуат елді мекенінен шыққан дәрігер-хирург Өмірхан Садықов ауылдастарын тегін медициналық тексеруден өткізіп ғана қоймай, ем-домын да жасайды.
1952 жылы дүниеге келген Өмірхан Садықұлы №100 Кеңтүп орта мектебін «өте жақсымен» оқып, Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін, кейін хирургия саласы бойынша интернатураны тәмамдайды. 1976 жылдан бастап Ұйғыр аудандық ауруханасында хирургия бөлмшесінің меңгерушісі, Алматы облыстық ауруханасында дерігер-хирург, дәрігер-эндоскопист, Алматы қалалық орталық ауруханасының хирургы болып қызмет атқарған. «Сары фосформен созылмалы уланғанда болатын тоқ ішектің морфофункционалды өзгерістері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған, медицина ғылымының про­фессоры.
Ол құрсақ қуысындағы, кеудедегі мүшелерге, несеп жолдарына ота жасай білетін білікті маман, жоғарғы санатты дәрігер-хирург. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарын, бронхоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулерді меңгерген. Өмірхан Алматы облыстық аурханада бірінші болып эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулерді енгізді.
Міне, осындай білікті азаматтың адамгершілік қырын айрықша атап кету керек. Ө.Садықов ғылыммен айналысып қана қоймай, туған жерге деген перзенттік парызын адал орындап жүр. Оның дәлелі – туған ауылының кез келген тұрғынынан көмегін аямайтындығы. Жерлестерінің жағдайын сұрап тұру да әдетіне айналған. Екі рет, 1995 және 2017 жылы арнайы ауылға келіп, тегін медициналық тексеру жасады. Алғашында он күндей ауылдастарына ем-дом беріп, тегін ота жасағанының куәсі болдық. Соның арқасында қаншама адамның құлан таза айығып, қатарға қосылғанын көрдік. Мына заманда ақысыз-пұлсыз қызмет көрсету жеке тұлғалардың қолынан келе бермейтін тірлік. 2017 жылы да медициналық жабдықтарын әкеліп, елді мекендегі 170 адамға дәрігерлік көмегін, кеңесін берді.
«Туған жерге қол ұшымды беру – міндетім. Қанша дегенмен осы өлкеде туып-өстік емес пе? Кіндік қаным тамған жердің экологиясының нашарлығы, басқа да себептер халықтың денсаулығына кері әсер етеді. Сырдарияның төменгі ағысындағы елді мекендерде тұратын халық арасында асқазан, ішек жолдары, бауыр ауруы жиі кездеседі. Оның үстіне көбісі ауылдың тіршілігінен босай бермейді, кейбірінің алысқа барып емделуге қаражаты жетпейді. Сондықтан, олардың денсаулығына қарап, шамамның жеткенінше емдемесем, маған сын болады. Көркейген, гүлденген ауылымды, денсаулығы жақсарған ұрпақты көргім келеді», – деп ағынан жарылған профессор алдағы уақытта да «Туған жер» бағдарламасына атсалысатындығын жеткізді.
Бірде ақсақалдармен сұхбаттасып отырып: «Титімдей болса да туған жерге өз үлесімді қоссам, менің мақсатымның орындалғаны», – деген сөздерінен жан тебіренісін сезінгендей болдым. Әрбір адам осы кісідей туған жерге қызмет етуді борышым деп түсінсе, келер ұрпақ бойында елжандылық қасиеттер қалыптасар еді.

Ақынсара ДАУЫЛОВА,
№100 мектептің мұғалімі

10 сәуір 2018 ж. 2 639 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930