Қандай карантиндік шектеулер алынып тасталды?
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты қала бойынша қаулы шыққан болатын, соған сәйкес бірқатар шектеу алынып тасталады, - деп атап өтті астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Жаңа қаулыға сәйкес алынып тасталған шектеулер:
- Ashyq қосымшасында «жасыл» және «көк» мәртебесі бар тұлғалар үшін (келушілерде) әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық режимін сақтай отырып, сауда ойын орталықтарына сауда үйлеріне, азық-түлік емес және азық-түлік сауда желілеріне, бассейндерге, ойын клубтары мен түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне шектеусіз кіруге рұқсат етіледі;
- көрмелерді, марафондарды, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, еске алу), конференцияларды, форумдарды, ойын-сауық, діни объектілерде ұжымдық Құдайға сыйыну және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі;
- офлайн режимде ұйымдар мен кеңселердің жұмысы үшін шектеулер алынып тасталды;- ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдар үй карантинінде оқшауланбайтын болды (Ashyq жобасынан «сары» мәртебесі алынып тасталды);
- балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимаратына кіруге рұқсат етіледі.
baq.kz