Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада карантиндік шектеу шараларына байланысты жаңа қаулы шықты

Елордада карантиндік шектеу шараларына байланысты жаңа қаулы шықты

Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері С.С. Бейсенова шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтанда тұрғындар міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 
Бас санитар қаулысында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын делінген:
1.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу;
1.2. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;
1.3. бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;
1.4. қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;
1.5. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;
1.6. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін!
Мұнан бөлек, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру;
- сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;
- қалалық қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс және сенбі  күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін  жұмыс кестесін белгілеу және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу;
- қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыру;
- діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5м2  және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;
- СПА-орталықтарының, СПА-салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) 50% -дан аспайтындай толтырылуын қамтамасыз еткен кезде, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына бару, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,  жұмыс және сенбі күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейінжұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша);
- косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру керек.
16 қаңтар 2021 ж. 3 340 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930