Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 175 жасөспірім: депутат балалар арасында суицидтің жиілеуіне алаңдады

175 жасөспірім: депутат балалар арасында суицидтің жиілеуіне алаңдады

Қазақстан соңғы бес жылда суицид жасаудан, соның ішінде 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудан әлем елдерінің алғашқы ондығында тұр. Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров үкімет назарын балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасына аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, бүгінде балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік, рухани, физиологиялық, болмыстық дамуына тұрақты көңіл бөлінсе де, кейінгі жылдары олардың арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары белең алып барады.
"Бұл проблема бүкіл қоғамды толғандырып, дабыл қағуға мәжбүр етіп отыр. ДДСҰ мәліметінше, Қазақстан соңғы бес жылда суицид жасаудан, соның ішінде 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудан әлем елдерінің алғашқы ондығында жүр. Ішкі істер министрлігінің деректері де бұл келеңсіз үрдістің өсуін көрсетіп отыр. Мысалы 2020 жылы жасөспірімдер арасында 143 суицид оқиғасы, 306 суидид жасау әрекеті тіркелсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш өсіп, 175 суицид оқиғасы, 375 суицид жасау әрекеті болды", - деді Әбідкеров премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.
Ол бұл фактілер қоғамдағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер мен балаларды қорғаудың тиімді механизмдерінің жетіспеушілігінен орын алып отырғанын атап өтті.
"Ғалымдар мен сарапшылардың соңғы зерттеулеріне қарағанда, жасөспірімдердің 17 пайызы мектепте айына бір немесе бірнеше рет қысымға ұшырайды екен. Үйден тыс жерде зәбір көріп, оны ата-анасынан, мұғалімінен жасырып, өз проблемасымен жеке қалған бала ауыр психологиялық дағдарысқа ұшырап, стрестік жағдайды бастан кешеді және мұның соңғы орны толмас жағдайға соқтырып жүр", - деді сенатор.
Айтуынша, интернетте тек қана өлімді жарнамалап, балаларға ауыр зардап тигізетін сайттар да жеткілікті. Осыған байланысты депутат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске буллинг, кибербуллинг немесе қудалауға ұшыраған балалар туралы уәкілетті органдарға дер кезінде хабарламаған білім беру ұйымының басшысы үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды.
Сондай-ақ әлеуметтік-рухани күйзеліске ұшырап, мінез-құлқы өзгеріп, дағдарыста жүрген балалар мен жасөспірімдер үшін әлеуметтік-психологиялық бейімдеу орталықтарын құру қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек, өңірлерде балалар мен жасөспірімдерге көмектесетін мамандар мен кеңесшілер санын көбейтіп, мектептерде өзара жанжалдасу мен текетірестің, басқа да құқықбұзушылықтың алдын алу үшін әлеуметтік оңалту және татуластыру қызметтерін құру ұсынылды. Сонымен қатар, сенаторлар балаларды суицидке итермелейтін сайттар мен порталдарды бұғаттау қажет екенін айтты.
24 ақпан 2022 ж. 654 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930