Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам дерті қайткенде құрықталмақ?..

Қоғам дерті қайткенде құрықталмақ?..

Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі. Әлемде бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келсе, сонша адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өзі балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жасөспірімдер арасында жиі көрініс береді. Өзіне-өзі қол жұмсаған адамдар саны туралы фактілер мұның бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін көрсетуде.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикасы бойынша 2020 жылдың маусымына дейін елде 1661 азамат өзіне қол жұмсаған. Олардың 1325-і ер, 307-і әйел адам. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 3,8 мыңды құраған. Оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,4%-ға көп. 2018 жылы 3,5 мың адам суицид жасаған. Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы санының 180-ін кәмелетке толмағандар құрайды. Оның 121-і ұл, 59-ы қыз.
Комитет қазақстандықтардың өзіне-өзі қол жұмсауының себептерін де тізе отырып, жалғыздық пен өмірінен бас тарту сезімдері (294), қиын қаржылық жағдай (205), ауыр сырқаттар (136), жанжалды қатынастар (177), туыстарымен жанжалды қатынастарға қатысты (100), себебі анықталмаған 2,8 мың жағдай орын алғанын айтады. Өңірлер тұрғысынан ең көп суицид оқиғасы Алматыда (425), Шығыс Қазақстанда (411) және Түркістанда (342) тіркелген.
Өз-өзіне қол жұмсау – адам жаны мен эмоциональды күйінің күрделі проблемасы.ДДСҰ-ның мәліметінше, әлемде әр 40 секунд сайын 1 адам өз-өзіне қол жұмсауға барады. Жыл сайын 800 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаса, осы әрекетке баруға тырысқандар саны одан да көп. Төмен және орташа табыстағы елдер әлемдегі суицидтің 79 процентін құрайды.
Осы салада бірқатар жұмыс атқарып жүрген қызылордалық психолог, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» жобасының үйлестірушісі Сымбат Әбдірахманова: «Өкінішке қарай, Қазақстан суицид көрсеткіші жоғары 10 мемлекеттің қатарына кіреді. Осы ретте оның алдын алу бойынша ҚР Үкіметі түрлі шараларды ұйымдастырып жатыр. 2013 жылы елімізде суицидтің негізгі себептері бойынша арнайы зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеулердің нәтижесі негізінде 2015 жылы алғаш рет Қызылорда облысында жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жобасы енгізілді. 2015 жылдан бастап осы жобаны үйлестіріп жүрмін», –дейді.
Жалпы суицидке баратындардың өзінің белгілері болады. Ең алдымен адамның ұйқысы бұзылады. Түнде оянуы мүмкін, онымен қоса, проблемасы бар адам жастыққа басы тигенде бірден ұйықтап кете алмайды. Кейде беймезгіл уақытта қайта-қайта ұйықтай беруі мүмкін. Яғни, адам ұйықтамайды не шамадан тыс көп ұйықтайды.Екіншіден, тәбеті бұзылады. Көңіл-күй бұзылса, тамақ ішкіміз келмейді немесе керісінше шектен шығып кетуі мүмкін. Әлеуметтік желілерге пессимистік жазбалар жазу, пессимистік ойлау да бір белгіге жатады. Бұның барлығы маған көмек керек деген сигналдарды білдіреді.
Балаларда 3 жастан бастап өмір, өлім туралы ойлар пайда болады. Яғни, «мені ешкім жақсы көрмейді» деген сияқты. Ата-ана тарапынан балаға дұрыс махаббат бөлінбейтін болса, оның болашақ өміріне, қарым-қатынас құруына да үлкен әсерін тигізетін болады.
Адамда психикалық және физикалық денсаулық бар. Физикалық денсаулық адамның 12 мүшесінің сау болуы болса, психикалық денсаулық деп оның көңіл-күйі, эмоциясы, жылау, қуану, күлуін айтамыз. Бұл екі денсаулық адамның бойында болғандықтан бір-бірімен өте тығыз байланысты. Мысалы, адамның тісі ауырған кезде ол ешқашан қуанып, жадырап, күліп отырғанын көрмейміз. Сондықтан кей кезде дәрігерлер азаматтарды психолог мамандарға баруды ұсынып жатады. Себебі, анемиямен, жемсаумен (зобпен) ауырса да, адамның ұзақ уақыт көңіл күйі түсіп жүруі мүмкін.
Қызылорда бойынша облыстық шаралар тоқтаусыз жүргізілген.Суицидпен күресті бастау үшін ең алдымен психологтар балалардан сауалнама алады. Сауалнама баланың жағдайы, оның бойында стресс бар-жоқтығы, бала бойындағы өзгерісті анықтау үшін ата-ананың рұқсатымен алынған. Оған балалардың аты-жөндері жазылмайды, оларға арнайы код беріледі. Психикалық өзгеріс анықталса, оның кім екенін маманнан басқа ешкім білмейді.
Суицид - ғаламдық проблема. Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицид көрсеткішін азайту мақсатында нақты қадамдарға барған елдің бірі. Қызылорда облысындағы пилоттық бағдарлама бойынша суицид көрсеткіші 3 жылда 4 есеге азайған. Дегенмен, жалпы мемлекетте өзіне қол жұмсағандардың көрсеткіш цифры азаяр емес.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауылдарды аралау барысында білім беру нысандарына да соғып: «ҰБТ-ның алғашқы сынағы біткенімен, алда тағы бір кезеңі бар. Осы кезде ата-аналар және балалармен жеке жұмыс жасаңыздар. Көңіл-күйдің жетегімен суицидке, басқа нәрсеге ұрынып қалмасын. Бақылауға алыңыздар»,– деп әр мектептің директорына жеке тапсырған болатын. Тек мектеп бітіруші түлек қана емес, әр жасөспірім, баланың өмірі маңызды. Психолог десе қорқатындар қатары көп. Бірақ мәселенің нақты шешімі осы болмаса да, естіген-көргеніне сеніп қалатын балаларды дұрыс ақпараттандыру – суицидтің алдын алудың бір жолы.

Дина БӨКЕБАЙ
12 маусым 2021 ж. 629 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031