Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин Ресейді әлемдегі ең алып держава деп атады

Путин Ресейді әлемдегі ең алып держава деп атады

РФ президенті Владимир Путин Ресейді әлемдегі ең алып держава деп атады. Бұл туралы ол "Россия 24" телеарнасында тікелей эфирде көрсетілген ресейліктерге үндеу кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"КСРО ыдырағаннан кейінгі қазіргі Ресей әлемдегі ең қуатты держава болып табылады, бұл шабуылдаушы мемлекеттің құдырауына әкеледі деген ой ешкімде болмауы керек", - деді мемлекет басшысы. Ол сондай-ақ 1980 жылдардың аяғында КСРО әлсіреп, ыдыраған кезде бәрімізге сабақ болғанын жеткізді.
Үндеу барысында Путин Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын қосып өтті. Мемлекет басшысы Ресейге қауіп төндіретін сыртқы күштерге де жүгінді. Оның айтуынша, Ресейдің жауабы көп күттірмейді.
Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.
"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.
Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.
Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.
24 ақпан 2022 ж. 480 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 56

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031