Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресми: Ресей ДХР мен ЛХР егемендігін мойындады

Ресми: Ресей ДХР мен ЛХР егемендігін мойындады

Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцке жақын арада Донбасс туралы жарлыққа қол қою ниеті бар екенін айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

– Барлығын ескере отырып, Ресей президенті жақын арада тиісті жарлыққа қол қоюға ниетті екенін айтты. Франция президенті мен Германияның федералдық канцлері бұл жағдайға көңілі толмайтынын білдірді, – делінген хабарламада.
Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен кезде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцты Ресей Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы қорытындылары туралы хабардар етті.
– Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронмен және ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындылары туралы хабарлады. Мемлекеттік Думаның Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешімі қаралды, – делінген хабарламада.
Бүгін ДХР мен ЛХР басшылығына Донбас аумағын жаппай атқылауына байланысты олардың егемендігін тану туралы өтініштер түскені, соның салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шеккені атап өтілді.
22 ақпан 2022 ж. 567 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930