Жігіттер бақ сынасты
Өткен аптада Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Жігіттің сұлтаны» атты аудандық жігіттер сайысы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада айтылған ұлттық мәдениет пен спортты насихаттау бағыты бойынша өткізілген серілер сынына білікті де, жүректі 9 жігіт қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Қатысушылар 3 кезең бойынша жарысты. «Өнерлі жігіт өрге озар» кезеңде өз өнерін көрсетсе, екінші жұптық би билеп жарысты. Ал үшінші сында жігіттердің білектіліктері сыналды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Сұлтанбек Оразалы жеңіп алды. Жеңімпаз атанған №249 мектеп-лицейдің мұғалімі «Жігіт сұлтаны – 2022» белбеуі мен бағалы сыйлыққа ие болды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Нұржан Аманкелді, жанкенттік Сәрсен Салмырза өзара бөлісті. Талғат Жәрімбет, Аяғанов Өмірәлі үшінші орындарға ие болды. Жүлдегерлерге сыйлықтар табысталып, алғыс хат берілді.
Гүлназ МНАЖАДИНОВА,
Р.Бағланова атындағы аудандық
мәдениет орталығының әдіскері