Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Концерт жүргізушілері таңдалды

Концерт жүргізушілері таңдалды

Аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет Орталығынның ұйымдастыруымен ұлттық рухани жаңғыру аясында «Өнер алды – қызыл тіл» атты концерт жүргізушілер конкурсы өткізілді.
Концерт жүргізушілікке қабілеті бар талапкерлерді алдағы уақытта болатын мәдени-іс шараларға тарту, тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында өткен сайысқа аудан, қала, кент ауылдық жерден 15 талапкер қатысты. Байқау таныстыру кезеңі, көркем шығармадан, драмадан үзінді оқу және халық әртісі Р.Бағланованың 100, Ғ.Мұратбаевтың 120 жылдығына арналған репортаж, экскурсия, бейнеролик, сюжет жүргізу шарттарынан тұрды.
Концерт жүргізушілер конкурсында театр ойыншысы, ардагер ұстаз Ұлжан Ахметова, аудандық мәдениет орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі, театр ойыншысы, жүргізуші Айгүл Маратқызы және «Қазалы» газетінің бас редакторы, ақын Есет Табынбаев әділқазылық етіп, қатысушылардың өнерін бағалады.
Нәтижесінде үшінші орын Бірлік ауылынан келген Анар Жақсылық пен Қазалы қалалық мәдениет үйінен қатысқан Ғасырбек Аралханға бұйырды. Екінші орынды Әйтеке би кентінен Нұрсая Шоманова мен Данияр Кенжебай алды. Жалаңтөстік Нұрман Бекжан бірінші орынға лайық деп танылды. Бас жүлдені №216 мектептен қатысқан Бекзатхан Сахитжан жеңіп алды.
Қалған қатысушылар белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
15 ақпан 2022 ж. 1 478 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 147

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031