Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы ЭКО жасатуға болады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы ЭКО жасатуға болады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Оның айтуынша, 2021 жылы жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар мен манипуляцияларға барлығы 14,9 млрд теңге бағытталған.
Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында алматылықтарға ЭКО сияқты қымбат қызметтер қолжетімді бола түскен. Егер 2020 жылы 563 млн теңге сомаға 643 ЭКО манипуляциясы жүргізілсе, 2021 жылы 3687 қызметке 3,5 млрд теңге бағытталды. Өсім 5,7 есе.
Қазір Алматы бойынша медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт аясында 8 медициналық ұйым экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүзеге асыруда, - деді Т. Әбілдаев.
Сондай-ақ, ол 2020 жылы жоғары технологияларды қолдана отырып, 184 кардиохирургиялық операция жасалғанын, ал өткен жылы 5,7 млрд теңге сомасына 1329 қызмет көрсетілгенін атап өтті.
Бұдан басқа, өткен жылы ТМККК бойынша қаржыландыру айтарлықтай артты – МӘМС қорынан шамамен 182,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде, жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметтеріне 9,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке-36,8 млрд теңге, стационарлық көмекке – 14,1 млрд теңге, онкологиялық науқастарға медициналық көмекке – 16,5 млрд теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке – 2,4 млрд теңге, амбулаториялық гемодиализге – 5,8 млрд теңге бөлінді.
#МӘМС #ЭКО
18 ақпан 2022 ж. 445 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930