Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арнайы салық режимі енгізілуі мүмкін

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арнайы салық режимі енгізілуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Үкіметінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмәди Сарбасов сөзінің басында халықтың нақты табысы экономикалық өсу мен еңбек өнімділігіне тікелей байланысты екенін айтты.
Оның айтуынша, соңғы он жылда ЖІӨ өсімі қызмет көрсету саласы есебінен 62%-ға қамтамасыз етілді, ондағы еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібіне қарағанда айтарлықтай төмен.
2015 жылдан бастап жұмыс орындарының 37%-ы еңбек өнімділігі төмен секторларда, негізінен білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттің қатысуы басым салаларда құрылды. Жұмыс орындарының тек 8%-ын өнімділігі жоғары салалар құрады. Нәтижесінде жұмыспен қамтылған халықтың 41 пайызы табысы мен өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді. Осыған байланысты негізгі міндет тұрақты және өнімді жұмыс орындарын құру қарқынын арттыру болып табылады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар инвестициялық жобалар тізбесі мен құрылатын жұмыс орындарының саны бар өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітуі тиіс.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов
Вице-министр сондай-ақ, жұмыс орындарын құру мониторингі салық және зейнетақы аударымдары мен электрондық еңбек шарттары бойынша деректерді тексере отырып, ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етілетінін айтты.
Ол азаматтардың табысын арттыру бойынша шаралар кешені халықтың барлық санаттарын қамтитынын атап өтті.
15 ақпан 2022 ж. 579 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 206

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930