Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй жануарларына байланысты заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

Үй жануарларына байланысты заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

Үй жануарларын жерлеу, қаңғыбас ит-мысыққа қамқорлық. Заңға қандай өзгерістер енгізіледі? Қаңғыбас иттер павлодарлықтардың мазасын қашырды. Көше кезген төрт аяқтылар, әсіресе, қыс мезгілінде көбейіп кетеді.
Хабар 24 арнасының хабарлауынша өткен жылы облыс орталығында 12 мыңнан астам ит-мысық ұсталған.
Мамандардың пікірінше, жаңадан қабылданатын заң ветеринарлық қызмет саласын түбегейлі өзгертіп, мәселені реттеуге септеспек.
Қаңғыбас ит-мысықтардың 90%-ін тұрғындар далаға тастап кеткен. Бұл – ресми дерек. Олардың бір бөлігі оңалту орталықтарына тапсырылады. Қалғаны көше кезуге мәжбүр.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау жөніндегі заң жобасы саладағы бірқатар мәселені түбегейлі шешпек. Заңнама күшіне енген соң қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынады.
Ұсталған жануар сау болса, зарарсыздандырылады. Ауру екені анықталса, ұйықтатады. Ал қожайындары табылып жатса, кері қайтарылады.
Жануарларды стерильдеу жұмыстары демеушілік көмек есебінен жүргізіледі. Ал заң күшіне енген соң бұл шараларға мемлекеттен қаражат бөлінбек. Сонда нақты іс-әрекет алгоритмі қабылданады. Әзірге жұмыс механизмі қалай болатыны белгісіз. Өткен жылы облыс орталығында 200-ге жуық мысық стерильдеуден өткізілді. Ал иттердің саны тым аз. Алдағы уақытта бұл жұмыс реттеледі.
Бақытжан Әбдірахманов, қалалық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы.
Елімізде төрт аяқтыларды тек арнайы пештерде жағу қарастырылған. Ал өлексесі биологиялық қалдыққа теңестірілген. Яғни, мал қорымына тасталуы керек. Еріктілердің пікірінше, бұл адамшылыққа жатпайды.
Заңнамада үй жануарларын жерлеу қарастырылмаған. Өлекселер биологиялық қалдық ретінде жойылуы керек. Алайда кей азаматтар төрт аяқты достарын жерлегісі келеді. Бұл мәселе оңтайлы шешілсе деймін ойлаймын. Жерлеуге немесе кем дегенде күлін жерлеуге рұқсат етілсе деген тілек бар.
Мария Гребенкина, үйсіз және жарақаттанған жануарларды оңалту орталығының жетекшісі.
Заңнама бойынша ит-мысықтарды уақытша ұстау орындарын қаржыландыру да жүзеге асырылады. Бірақ жұмыс алгоритмі нақтыланбаған. Әзірге ұсыныстар қабылданып жатыр.
07 ақпан 2022 ж. 638 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930