Қандай жағдайларда фото және бейне түсіруге тыйым салынады?
Қазақстандық азамат Әділет министрлігіне қандай жағдайларда фото және бейне түсіруге рұқсат етілетіндігін, оларды түрлі сайттарда қандай ережелермен жүктеуге болатыны жөнінде сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтық кодекс нормаларына сәйкес, ешкімнің қандай да бір тұлғаның суретін оның келісімінсіз, ал қайтыс болған жағдайда – мұрагерлердің келісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ деп жауап берді министрлік.
Басқа адам бейнеленген көрнекі туындыны (суретті, фотосуретті, фильмді және т.б.) басып шығаруға, көбейтуге және таратуға тек бейнеленген адамның келісімімен, ал ол қайтыс болғаннан кейін оның балаларының немесе артында қалған жұбайының келісімімен ғана жүктеуге рұқсат беріледі. Егер суреттегі адам заң актiлерiнде белгiленсе немесе бейнеленген адамға ақы төленсе, мұндай келiсiм талап етiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Сонымен қатар, «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңда БАҚ материалдарын дайындау, басып шығару немесе көбейту кезінде бейнеленген тұлғаның келісімін талап етпейтін жағдайлардың тізбесін белгілейді.
Айта кету керек, кейбір заңнамалық актілерде белгілі бір жағдайларда фото және бейне түсіруге тыйым салу белгіленуі мүмкін. Мәселен, АІЖК-нің 19-бабының 7-тармағына сәйкес, сот залында бейне және суретке түсіруге, бейнежазбаға, тікелей радио және теледидар хабарларын таратуға, интернет-ақпараттық-коммуникациялық желіде бейне хабарларды таратуға рұқсат етіледі. Бірақ міндетті түрде сот және іске қатысушы адамдардың пікірін ескеру шарт.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Ведомствоның қорытындысында, заңнамада мұндай түсірілімге тікелей тыйым салу белгіленген жағдайларды қоспағанда, жалпы фото және бейне түсірілімге барлық жағдайларда рұқсат етіледі.
Алайда, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның бейнесін пайдалану үшін оның келісімі қажет.