Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тек 3 миллион адамның банкте қарызы жоқ

Қазақстанда тек 3 миллион адамның банкте қарызы жоқ

Былтыр қазақстандықтар арасында бөлшек қарыз алу көп тіркелді. Қазақстанда тек үш миллион адамның банкте қарызы жоқ. Шамамен 6 миллион адамның қарызы бар. Бірінші кредиттік бюрода қазақстандықтардың қарызы туралы, оның ішінде ломбард және микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша барлық ақпарат сақталады.
Бюро Қазақстанда адамның несие тарихын өшіруге немесе "тазартуға" мүмкіндік беретін механизм жоқ екенін жеткізді. Ұйым клиенттің кредит тарихына қандай да бір өзгеріс енгізе алмайды.
Егер қате мәлімет болса, жүйедегі қатені банк түзеткен кезде деректер жаңартылады, деп хабарлады "Хабар24".
Қазақстандықтардың нашар кредит тарихын жақсартудың бірнеше жолы бар. Біріншісі – жаңадан қарыз алған кезде банкке тек кейінгі 5 жылдағы кредит тарихын ұсыну. Мұндай жағдайда сол уақытқа дейінгі төлемді кешіктіру деректері банкке көрінбейді. Екінші жолы – кредит келісімшартын қалпына келтіруді пайдалану.
Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, азамат банкке қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіріп төлегеннен кейін ол 12 ай күтуі қажет. Сол аралықта басқа қарызы бойынша төлемді кешіктіруге болмайды. Мұндай жағдайда келісімшарт "қалпына келген" мәртебесін алады, алайда банк қарыз беруден бас тарта алады.
"Қалпына келген мәртебесі кредит алуға кепілдік бермейді. Ол банктің саясатына байланысты шешіледі. Кейбірі мұндай қауіпті клиенттерге қарыз береді, енді кейбірі тек сапалы клиенттермен жұмыс істейді. Бүгін маған Facebook-те бір қолданушы қарызды кешіктіріп төлегеніне байланысты мемлекеттік бағдарлама бойынша кредит ала алмай отырғанын айтты. Мемлекеттік бағдарламаларда талап өте қатаң. Ол жерде кейінгі екі жылда төлем бойынша 180 немесе 90 күннен артық ешқандай кідіріс болмауға тиіс", - деп түсіндірді Әсем Нұрғалиева.
Сондай-ақ тек 3 миллионға жуық қазақстандықтың банкте қарызы жоқ екені хабарланды. 2021 жылы бөлшек қарыздар 43%-ке өсті, осылайша 11 триллион теңгені құрады.
Тұтынушылық қарыздардың сомасы 5 триллион теңгеден, ипотека – 3 триллион теңгеден асады. Былтыр автокөлікті қарызға алуға 65%-ке көп қазақстандық қызығушылық танытты, осылайша автонесиелеу сомасы триллион теңгеден асады.
02 ақпан 2022 ж. 359 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 42

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031