Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз «мүгедек» деген терминен құтыламыз - Ләззат Қалтаева

Біз «мүгедек» деген терминен құтыламыз - Ләззат Қалтаева

Алматыда өткен Х Азаматтық форум барысында «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғам бірлестігінің басшысы Ләззат Қалтаева инклюзия мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 30 жыл – өткенге көз жүгіртіп, бүгінгі жағдайды бағалап, ең бастысы, болашаққа мақсат пен стратегияны құруға болатын тамаша сәт. « Мен сөзімді терминологиядан бастағым келеді. Біз «мүгедек» деген ескірген, оның үстіне кемсітушілік терминінен құтыламыз. Қазақстанда «мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» деп ауыстыру жоспарланып отыр. Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың қозғалысы үшін бұл өте маңызды. Жаңа термин мүгедек саясатына жаңа көзқарас болмақ.
Бұл парадигманың қозағалуын білдіреді, мұнда адам тек қайырымдылық пен әлеуметтік қамсыздандыру объектісі ғана болмайды, ең алдымен адам құқығының иесі, қоғамымыздың тең құқылы мүшесі болады»,-дейді спикер. Сонымен қатар, ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдағы дамуы, қоғамның бұндай адамдарға деген көзқарасы, сондай-ақ ешқандай бөгетсіз азаматтық қоғам құру қажеттілігі туралы айтты. «Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетіне ерекше назар аудару қажет. Олардың құзыреттілігін дамытып, ашық еңбек нарығына шығаруымыз керек. Адам өз дағдыларын ұмытпай, жұмысқа тезірек оралуы үшін оңалту қысқа және тиімді болуы шарт.
Бұл бағытта біздің ұйымдар жұмыс істеп жатыр және біз оларға қолдау көрсетуіміз керек. Стереотиптер мен теріс пікірді бұзу, қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге көмектесу маңызды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де, бүкіл қоғам үшін де қажет. Мүмкіндігі шектеулі адамдар ресурс бола алады және болуы керек. Мұны халықаралық тәжірибе дәлелдеп отыр. Қазір біз мемлекетті басқаруға қатысуға, оның дамуына үлес қосуға тең мүмкіндіктерге ие болуы керектігі туралы көбірек айтып жатырмыз»,-деді «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғам бірлестігінің басшысы Ләззат Қалтаева. Айта кетейік, бүгін Алматыда Х Азаматтық форум өтті.


26 қараша 2021 ж. 599 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930