Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин ауылдардың жоғары жылдамдықты интернетке қосылуын тездетуді тапсырды

Мамин ауылдардың жоғары жылдамдықты интернетке қосылуын тездетуді тапсырды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері қаралды

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы баяндады. Елбасының "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде берген және Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларына сәйкес, "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2022 жылдың соңына дейін ауылдық елді мекендердің 97 пайызды құрайтын 5 мыңнан астам ауылда интернет қолжетімді болуы тиіс. Бұл ауыл тұрғындарына электронды мемлекеттік қызметтер мен сервистерді, медициналық қызметтер мен білім алудың, электрондық сауданың артықшылықтарын пайдалануға, сонымен қатар жаңа өмір стандарттарына жаппай көшуге жол ашады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауылдық елді мекендерде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу (2020 жылға дейін қоса алғанда 1250 АЕМ), LTE қосу және сымсыз радиоқолжетімділік желілерін төсеуді (6019 АЕМ) қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар, 5G байланысының жаңа буыны кең жолақты сымсыз қосылуды қамтамасыз ету, заттар интернеті және жоғары жылдамдықты технологияларды ұйымдастыру үшін қатар дамуда. Қазіргі уақытта 5G тестілік сынақтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіліп жатыр, оларды осы жылдың қазан айында  Шымкент қаласында өткізу жоспарланған.

Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесе отырып, өңірлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстарын жеделдетуді және ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жылдамдатуды тапсырды.

"Елбасы мен Мемлекет басшысының ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетті қосу жөніндегі тапсырмаларының сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл жұмыс белгіленген мерзімде - 2022 жылға қарай аяқталуы тиіс", - деді Мамин. Премьер-Министр 5G-ді пайдаланудың басымдығын дұрыс анықтап алу қажет екенін атап өтті, ол үшін 2020 жылы 5G-ді өңірлерде, соның ішінде, алдымен Нұр-Сұлтан қаласында тиімді пайдалану жөнінде тиісті жобалар әзірленуі керек.

Сонымен қатар, А. Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің назарын байланыс және интернет сапасына, әсіресе әлеуметтік нысандардағы сапасының жақсы болуына аударды.

"Мектептер мен ауруханаларда жоғары жылдамдықты сапалы интернет болуы керек - бұл электронды оқулықтар мен оқу бағдарламаларын, телемедицина мен ақпараттық жүйелерді пайдалану үшін қажет", - деп атап өтті Премьер-Министр.

01 қазан 2019 ж. 1 166 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031