Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай COVID-19-дың шығу тегін анықтауға кірісті

Қытай COVID-19-дың шығу тегін анықтауға кірісті

Қытай ғалымдары коронавирустың шыққан тегін анықтау үшін Ухань тұрғындарынан жиналған ондаған мың қан үлгілерін зерттейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Тhе Mainichi сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы баяндамасында қаңтар мен ақпанда Қытайдың орталық қаласына барып, аурудың алғашқы кезеңінде жиналған қан үлгілерінің вирусқа қарсы антиденелері бар-жоғын анықтауға шақырды.
Баяндамада Уханьдағы қан орталығында 200 мыңға дейін қан үлгісі, оның ішінде 2019 жылы қазан мен қарашадағы адамдар вирусты алғаш жұқтырған кезде алынған үлгілер бар екені айтылды.
Елдің Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ресми өкілі тестілеу қан үлгілерінің сақталу мерзіміне екі жыл өткеннен кейін жүргізілетінін айтты. Сарапшылар бұл қан үлгілері арқылы маңызды мәліметтер алынады деп болжайды.
Ең алғаш анықталған инфекция 2019 жылы 8 желтоқсанда тіркелген, бірақ ғалымдар коронавирус адамдар арасында қазан мен қарашада таралды деп санайды.
13 қазан 2021 ж. 356 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 242

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 132

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031