ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа топ құрады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа топ құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.
Жаңа патогендердің пайда болуы жөніндегі жаңа халықаралық ғылыми консультативтік топ (SAGO) ДДСҰ-ға болашақта жаңа қоздырғыштар мен вирустардың пайда болуын жүйелі зерттеудің жаһандық негізін әзірлеу бойынша кеңес беруге жауапты.
Бұл топ коронавирусқа әртүрлі зерттеулер жүргізуді қолдайды.
"SAGO-ға кандидаттарды қабылдауда ашық конкурс жариялай отырып, ДДСҰ жаңа ғылыми-консультативтік топ үшін ашық негіз жасайды, оның жұмысына барлық мүше мемлекет қатысады деп үміттенеміз", - делінген ДДСҰ хабарламасында.
Сондай-ақ, ДДСҰ барлық ел үкіметін коронавирустың айналасындағы жағдайды деполитизациялауға және осы вирустың пайда болуын анықтау үшін ынтымақтастыққа шақырды.
Бұған дейін Қытай ДДСҰ ұсынған COVID-19 шығу тегі туралы тергеудің екінші кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Бейжің ұйымы тергеу жоспарының тұжырымдарын "ақылға қонымсыз, ғылымға қарсы" деп санайды.