Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вирустың шығу тегін зерттеу: ДДСҰ басшысы Қытайдан ашық болуын сұрады

Вирустың шығу тегін зерттеу: ДДСҰ басшысы Қытайдан ашық болуын сұрады

Қытай коронавирустың шығу тегін зерттеу кезінде әріптестікке ықылас білдіріп, қолда бар деректердің бәрін береді деп үміттенеміз. 15 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді.

ДДСҰ басшысының сөзіне қарағанда, биыл жыл басында індеттің себебін анықтау үшін Қытайға барған халықаралық ғалымдар тобы өңделмеген деректерге қол жеткізу кезінде қиындыққа тап болған. Гебрейесус Қытайды ашықтық пен әріптестікке шақырып, індеттің алғашқы кезеңіндегі ақпараттармен толық қамтамасыз етуге үндеді.

Ол сонымен бірге коронавирус Уханьдағы үкіметтік зертханадан кездейсоқ тарап кетті деген жорамалдың анық-қанығы жөнді зерттелмей жатып, оны "басып тастау" талпынысы болғанын атап өтті.

Бұған дейін вирус қытайлық зертханадан кездейсоқ тарап кетті деген жорамал айтылған. Алайда оны айғақтайтын дәлел табылған жоқ.
Жыл басында Уханьға барған халықаралық ғалымдар тобы зерттеудің алғашқы кезеңінің қорытындысын жасаған кезде "вирустың зертханадан тарауы неғайбыл, бірақ әлі де толық зерттеу керек" деп мәлімдеген еді. Енді Тедрос ДДСҰ-ға "індетке дейін және індеттің алғашқы кезеңінде зертханадағы жағдай жағдай жайлы тура ақпарат" қажет деп отыр.
16 шілде 2021 ж. 488 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930