Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таза қала – таза ауа

Таза қала – таза ауа

Дана халқымызда «Тазалық – саулық негізі» деген қанатты сөз бар. Оның ішінде өмір сүріп отырған ортамыз таза болса, көңіл қуанышына айналатыны сөзсіз. Жалпы бұл мәселені де қазалылық атқамінер азаматтар мезгіл сайын жіті бақылауға алып келеді.
Аталмыш күзгі санитарлық тазалық жұмыстары аудан басшылығының күн тәртібінде тұрған негізгі жұмыстардың бірі десек қателеспейміз.
Осы ретте аудан орталығының әр аумағында қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстаған мекеме-кәсіпорын қызметкерлері сенбілікке шықты.
Олардың бірі Әйтеке би көшесінің орталығындағы демалыс орындарын ретке келтірсе, енді бірі шет аймақтарындағы шашылған қоқыстарды жинады.
Мәселен, аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдер 5-квартал аймағындағы қазақ қорымы мен шығыс беткейдегі теміржол өткелі маңындағы аумақтарды тазалады. Осылайша ауызбіршілігі мол ұжым қызметкерлері туған жердің қоқыстан таза болуына өздерінің лайықты үлестерін қосты.
Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа шет аймақтардағы, оның ішінде 5 кварталдағы өзге ұлттардың қорымы маңындағы қоқыстарды тазалау қажеттігін тапсырды.


А.ЖҮСІПОВА
12 қазан 2021 ж. 1 668 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 102

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 150

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930