Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абыройы асқақ азамат

Абыройы асқақ азамат

«Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп ұлы Абай айтқандай тумысынан салмақты, кішіпейіл, қарапайымдылығын қалқан еткен Әлімжан Жарылқағанов 1958 жылы 18 қазанда Арал ауданының Ұялы ауылында дүниеге келген.
Қазақтың тума таланты Роза Бағланова, академик Жораев, ғалым Мұстафа Матаев сынды ұл-қыздары сауат ашқан №70 мектепте білім алған. Ол қазақтың ең жоғары оқу орны, қарашаңырақ ҚазМУ-дың журналистика факультетінде кәсіби шыңдалу мен шынығу сынынан сүрінбей өтіп, еңбек жолын 1984 жылы Целиноград облыстық телерадио комитетінің радио редакциясында тілші болып бастаған. Сол кезде республиканың барлық жастары асыға күтетін беделді телерадио дикторы Рабиға Аманжоловамен бірге «Арман» хабарын жүргізуі, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Шерхан Мұртазадан шәкірттік тәлім-тәрбие алуы арда азаматтың биіктеуіне қанат бітіргендей.
Тынымсыз ізденіс, шығармашылық шабыт, жастық жалын Әлімжан Мұратбайұлын 1987 жылы КСРО Журналистер Одағының мүшесі деген атаққа жеткізді.
Ол ХХ ғасырдың 90-шы жылдары еліміз қиын-қыстау кезді бастан кешіріп, халық қиналып жатқанда, экономика мен саяси дағдарыстың мәнін түсінетін маман ретінде қоғамға қажетті орынға тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрлігінің Бас штабына қарасты баспасөз орталығының басшысы лауазымына шақырылған азамат ақ пен қараның, қылмыс пен жазаның ара жігін айырып, қалың бұқараға жеткізуде көрегендік пен ұстамдылық танытты. Бұл – тәжірибелі мемлекеттік қызметкердің ерен еңбегінің нәтижесі.
1976 жылы арнаулы дайындық курсынан өтіп, Шығыс Германияда әскери борышын өтеген сақа жігіт Ішкі істер министрлігінің ауыр жүгі мен тәртібіне тез бейімделеді. Осылайша қалам мен қаруды қатар ұстаған журналист адал қызмет атқара білді.
Сонымен бірге Әлімжан Мұратбайұлының қаламгерлік қоржыны, өмірлік тәжірибесі, қызметтік қарымының толығуына өзінің замандас әріптестерінің де әсері болды. Әсіресе, Алтынбек Сәрсенбаев, Дархан Мыңбай, Шамшедин Патеев, Нұртөре Жүсіп, Еркін Қыдыр, Жүсіпбек Қорғасбек, Ғалым Омарханов, Серғазы Мұхтарбеков, Батырбек Садыханов, Жандарбек Туғанбаев, Сағатбек Медеубек сынды азаматтардың орны ерекше.
ҚР Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменовтің Әлімжанға деген ағалық қамқорлығымен қатар талапшылдығы халық тыныштығын сақтау саласының ыстығына күйдіріп, суығына тоңдырып, қызмет қазанында пісірді.
Ер есейгенде елін іздейді, халқына тиер пайдасын ойлайды деген қасиетті қағида Әлімжан Мұратбайұлын тағы бір ­белеске жетелеп, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының орынбасарлығына, одан кейін мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшылығына алып келді. Басқа қызметтері бір төбе болса, туған жері Қазалыға келіп, аудан әкімінің орынбасары болуы бір төбе екенін айтуымыз керек. Көп болсын, аз болсын, үлкен не кіші болсын, туған өлкеге табан тіреп, халқының қажетіне жарау – азамат үшін үлкен абырой. Осы биік белестен мүдірмей өткен Әлімжандай азаматтың, Қазалының тумасы, Құрметті азаматының бүгінгі күні ҚР Ішкі істер министрлігінің медиа-орталығының бас директоры болып жұмыс істеп жатқан жайы бар. Отставкадағы полковник, «Мәдениет саласының үздігі», филология ғалымдарының кандидаты, заңгер-журналист ағамыздың ел үшін жасар елеулі еңбегі алдағы уақытта да мол болатынына сенімдіміз.

Болат ЖОЛТАЕВ,
Қазалы ауданы мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы,
ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері
09 қазан 2021 ж. 1 126 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 99

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 87

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 69

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 86

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031