Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кірме көлік көңілге күдік

Кірме көлік көңілге күдік

Өткенде қызық болды. Арман досыммен Байқоңыр қаласына жолға шықтық. Құрдасымның темір тұлпар тізгіндегеніне көп бола қоймаған. Көліктің реті болмай, мен қолқалаған соң амалсыз көнді. Ресейдің нөмірі таңбаланған «Жигули» 2011 жылы зауыттан шыққан. Құжаты түгел. Қалаға жетуге 2 шақырым қалғанда болмашы қаражатқа алынғанына таңғалып, сырт келбетінің де адам сүйсінерлік екенін сөз еткенімізде жылдамдықты асырғанымызды аңғармай қалыппыз. Қарсы беттен көтерілген қызылды-көк жарық көзге оттай басылды. МАИ қызметкерлері кері бұрылып, оң жиекке аялдауды өтінді.
Көлікке келіп, өзін таныстырып құжаттарды сұрады. Неге екені белгісіз, құжаттарды тексеру үшін Байқоңыр қаласына бару керек болды. Әдетте мұндайды естімегенбіз. Күре жолдың бойында күніне қаншама «орыс нөмері» ағылуда. Алаңдамай, қалаға кірдік. Бөгде азаматтар қарсы алып, құжаттарды базаға тіркеді. Барлығын қарап болған соң, «Көлік қайдан келді?», «Қашан алдың, кімнен алдың?» деп ­Арманды түрлі сұрақтың астына алды. Қолын артқа қайырып, қамап тастады.
Арманның қолына тиген көлікті сатқан ресейліктер қаржыны алған соң біршама күннен кейін темір тұлпарды базадан шығарып, ұрланғанын айтады екен. Неге десеңіз, үкіметке салық төлемеу үшін барлығынан жеңіл құтылуды ойлағандардың осындай амалға барады. Осылайша көлік Байқоңырда қалды. Оны алу енді мүмкін болмайды.
Елімізде шетелдік көлікті алған қаншама азамат осындай жағдайды бастан өткеруде. Ақша жинап не несиеге жат елдің көлігін мінесіз, арты осылай ушығып, қуанышы ұзаққа бармайды.
Біраздан бері шетелдік нөмірлі көліктерге қатысты гу-гу әңгіме ел ішінде кеңінен таралды. Бұған алаңдағандар тез арада сатуды ойлап, қалғаны заң күшіне енгенін күтіп, «барлығы бос сөз» деген алып-қашпа әңгімеге сенді. Рас бұл түйткіл бүгінге дейін талай мәрте қаузалды. Қазір «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» кері келді. Заңның шығатынын естіген жұрт енді ештеңеден қорықпай көлік тізгіндеп жүр. Мұның шешімі қашан табылады? Аядай ауданның өзінде жол-көлік оқиғасына, адам өліміне себепкер де осы шетелдік көліктер. Ал Қазақстанның түкпір-түкпірінде жыл басынан шетелдік көлікті жүргізушілердің жазаға тартылмаймын деген ойының кесірінен 1854 жолкөлік оқиғасы орын алып, 132 адам қаза тауып, 500-ден астамы түрлі жарақат алған. Сондай-ақ, өткен жылы ­бейнебақылау камералары арқылы 90 мыңнан астам жүргізушінің құқық бұзушылығы анықталған. Есептелген айыппұлдың құны – 1,1 миллиард теңге. Айыппұл жылдамдық режимін арттыруға, белгілер мен таңбалардың талаптарын сақтамауға және тағы да басқаға қатысты.
Шетелдік темір тұлпарларын биылдан бастап тіркеуден өткізбеген азаматқа айыппұл салынып, көлігі белгілі тұраққа қойылады. Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірі бар көліктер заң бұзған жағдайда ­жазадан құтылатынын ескеріп, осы мәселенің алдын алып отыр. Бұл талап көлік иелерінің наразылығын тудыруда. Олар тіркеу құны көлік бағасынан да асып кететінін алға тартады.
Құны арзан темір тұлпар іздеген отандастарымыздың әрісі Арменияға, берісі Қырғызстанға баруды әдетке айналдырғалы қашан. Өйткені, мұндағы көліктердің сапасы жоғары, бағасы төмен. Жыл басынан Қазақстанға 170 мыңнан астам көлік жеткізілген. Бұған дейін армениялық және қырғызстандық көліктерді ел аумағына кедендік рәсімдеуден өткізбей-ақ кіргізуге болатын еді. Бірақ, биыл заң өзгеріп, жаңа талап қойылды.
Енді армениялық және қырғызстандық көліктерді тіркеу мәселесіне көшсек. Мәселен, аталған шетелдік қымбат көлікті сатып алдыңыз. Оның шыққан жылына қарай тіркеу құны – 662 теңгеден 130 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар техникалық төлқұжат үшін 3300 теңге төлеу қажет. Мемлекеттік нөмір 7500 теңге. Ал, утилизациялық алымға 400 мың теңгеден 3 миллионға дейін қаржы жұмсайсыз. «Жалпы, алғашқы тіркеуге төленетін бар салығымен қоса есептегенде барлық шығын 4 миллионға дейін баруы мүмкін» – дейді мамандар.
– 2006 жылы зауыттан шыққан «Toyota Ipsum» маркалы көлікті Арменияда 2,5 миллион теңгеге сатып алдым. Қазір сол жақтың құжатымен жүрмін. Егер Қазақстанның қазіргі талабымен тіркетсем, құны көліктің өз бағасынан үш есе асады Біріншіден, оған төлейтін ақшам жоқ. Екіншіден, кеден рәсімі неге соншалықты қымбат? – дейді есімін жариялағысы келмеген жүргізуші.
Арменияда көлік арзан екенін естіп, бірі несие, екіншісі танысынан қарызға ақша алған. Олардың сөзінше, әкелген көлікті сол елге қайта саудалау да, Қазақстанға есепке қою да тиімсіз.
Ресей, Қырғызстан мен Армениядан әкелінген көліктердің бағасы біздегіге қарағанда әлдеқайда арзан. Жылы да жаңа. Сапасы да жоғары. Оған қоса Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден темір тұлпарларды сатып алу оңай. Өзге елдің мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүре беруге де болады. Өйткені ол көліктерге бізде шектеу жоқ. Бұл жайында Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің МАИ қызметкерлері баяндап берді.
«Қазіргі таңда «Таможенный союз» елдерінен келіп жатқан көліктер көбейіп жатыр. Ең бастысы, мемлекетімізде атылмыш көлік құралдарын пайдалануға тыйым салымбайтынын айта кету керек. Яғни біздің елдің билігі басқа мемлекеттің көлігін пайдаланғандарға қарсылық білдірмейді.
Қазір әлеуметтік желіден қарасаңыз шетелдік нөмірмен сатылымға шыққан темір тұлпарлар жетерлік. Бір ғана ­Армениядан жеткізілген жүздеген көлік сайтта жүр.
Десек те, бұл арзан тауарларды рәсімдеу кезінде қалтасы қағылатынын көп адам білмейді. «Жол жүрісі қозғалысы» туралы ҚР Заңының 66-шы бабының 2-ші тармағында елімізге бір жылдан астам мерзімге әкелінген көліктерді кедендік операция жасалғаннан кейін 10 күн ішінде уәкілетті органда тіркеуге міндетті. Алайда еліміздің заңнамасы шетелден көлік алып келіп оны пайдалануға тыйым салмайды».
Бұл күндері Қазақстанға милиондаған шетелдік көлік кіріп үлгерді. Оларды елден шығару біраз қиындық тудырады. Себебі қаражат жұмсап әкелген азаматтар бұған көнбейтіні анық. Алдағы уақытта басқа мемлекеттің көлігі мен қазақстандық темір тұлпарлардың құқығы теңестірілетін болса, барлық қиындық өз шешімін табатыны сөзсіз. Әзірге мәселенің ақ-қарасы жайында толыққанды мәлімет беріп, көлік алушылардың көзін ашатын өкілеттік табылмай отыр.

Абзал ЖОЛТЕРЕК

02 қазан 2021 ж. 402 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 96

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 85

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 67

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 84

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031