Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің қоғам рухани мықты ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті отбасылардың көп болуына мүдделі

Біздің қоғам рухани мықты ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті отбасылардың көп болуына мүдделі

Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қызылорда облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Жиынға ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи бастаған іскер әйелдер және облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, көшбасшы әйелдер мен ақ жаулықты әжелер қатысты. Сонымен бірге, онлайн режимде аудандық және Байқоңыр қаласының Аналар кеңестерінің төрайымдары қатысты.Көшпелі отырысқа қатысушыларды Достық үйінде қарсы алған облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова арнайы ұйымдастырылған фотокөрме арқылы өңірлік кеңес тарапынан атқарылған жұмыстармен таныстырып, сыйлы қонақтарға ізгілік пен тектілік нышаны ретінде ақ орамал тарту етті.
Аймақ басшысы кеңес отырысына қатысушыларға алғыс білдіріп, облыстық Аналар кеңесі ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келетінін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы көптеген міндеттерді жүктеді. Президент еліміздегі демографиялық жағдайға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, жастар тәрбиесіне айрықша мән берді. Біздің қоғам дені сау, рухани мықты ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті отбасылардың көп болуына мүдделі. Міне, сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясы отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді жастар арасында ілгерілетуді мақсат етуде», – деді облыс әкімі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи ұйымның жұмыс бағыттары мен алдағы міндеттерді тізбектеді. «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» қағидасын ұстанатын Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – саналы ұрпақ тәрбиелеу екендігін тілге тиек етті және қазіргі таңда мемлекеттік тілдің дәрежесін асқақтату аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, Нәзипа Ыдырысқызы еңбек нарығында қажетті мамандары даярлау, масылдық көзқарастан айырылу секілді мәселелерді көтеріп, аналар қоғамдық билік және халық арасындағы делдал болуы қажет деп назарға салды.
Жазушы, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпеисова Сыр өңірі қашан да тектілік пен парасаттылық мекені атағына ие болғанын атап өтіп, «Әкелер одағы» және «Қазақтану» республикалық жобаларының маңыздылығын айтты.Ал, «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «ТәйТәйstar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балабақшалар желісінің директоры, Қазақстан жеке балабақшалар Ассоциациясының мүшесі Баян Ахатай елімізде жуырда бастау алған қазақ және әлем әдебиетіндегі үздік ертегілерді жинақтап, калың жұртқа таныстыру үшін әзірленетін «Мұнарат» жобасының іске асу барысын баяндады.
01 қазан 2021 ж. 408 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930