Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау: Аналар кеңесі бас қосты

Жолдау: Аналар кеңесі бас қосты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылау мақсатында Достық үйінде келелі кездесу өтті.

Оған «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, Аналар кеңесінің белсенділері, аудандық аналар кеңесінің төрайымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара модераторы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова болды. Алғы сөзді алған «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы Президент Жолдауы нағыз уақыт рухын сезіндіргендігін, бүгінгі күні әрқайсымызды толғандырған мәселелерін алдымызға алып шыққандығын айта отырып, Тәуелсіздік – тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша ұлт пен ұлыстың берік тұтастығы, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі екендігіне тоқталып өтті.

Шараның шымылдығы «Тәуелсіздік – ұлы құндылық» бейнеролигімен ашылды. Мұнан соң облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталып өтті. «Ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгерту – заман талабы» тақырыбында облыстық мәслихатының депутаты, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева сөз сөйледі. Ал облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ирина Шек «Участие Ассамблеи народа Казахстана в укреплении единства и согласия казахстанского общества» мәселесін айтып өтті. «Здоровье нации – главное богатство» бағыты бойынша облыстық онкоорталығының бөлім басшысы Виктория Юн және «Качественное образование – гарантия достойного будущего» жайында №198 Ж. Нұрманов атындағы орта мектептің директоры Анжела Садықбекова және «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, тіл жанашыры Пак Елена тұшымды ойларын ортаға салды.

20 қыркүйек 2021 ж. 683 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 72

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031