Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы аналар кеңесі

Аудандағы аналар кеңесі

2018 жылдың 18 қаңтарда Қазалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазалы аудандық аналар кеңесінің отырысы болып өтті. Аналар кеңесі Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы консультативтік- кеңесші орган болып табылады. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Ә.М.Жарылқағанов төрағалық етті. Кеңес мүшелігіне 9 адам бекітілді. Олар - Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары – Төлегенова Баян, Майлыбас ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы – Шалғынбаева Алтынкүл, «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандағы сарапшысы – Крюгер Светлана, Қазалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы – Садуақас Дидар, Қазалы қаласының тұрғыны, зейнеткер, орыс ұлтының өкілі – Галиулина Ирина, Өркендеу ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы – Өтеулі Алтынай, аудандық «Қазалы» газетінің қызметкері – Ермекбаева Қаракөз, «Бірлік – Единство» этномәдени қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы – Жұма Нафиса және кеңес төрайымы ретінде бірауыздан сайланған №16 мектеп-лицейдің бағдарлы оқыту ісі жөніндегі директорының орынбасары Айгүл Асанқызы Ертуғанова. Аналар кеңесінің мүшелері арнайы ережелермен таныстырылды, оларға кеңестің міндеттері мен функциялары, кеңестің өкілеттіктері және кеңес қызметін ұйымдастыру түсіндірілді. Кеңес мүшелері өз алдына жыл көлемінде өткізілетін отырыстар мен іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.
Қ.СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ.
19 қаңтар 2018 ж. 2 597 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031