Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаһанды жақсылық құтқарады

Жаһанды жақсылық құтқарады

Дәл осы сәтте әлем жақсылықтың есебінен өмір сүріп жатыр. Мейірім кез келген дүниенің өмірін ұзарта алатынына тарих куә. Содан да болар, адамзаттың қайырымдылыққа жаны құмар. Қазақтың «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөзі ертеде ата-бабаның батырлықтан бөлек жақсылыққа жаны жақын болғанын аңғартса керек. Әсілі, жүзігі алтын болғаннан, жетім-жесірге жақсылығы өтіп, жүзі жарқын болғанын артық көрген. Исламдағы: «Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар, дұғаларың қабыл болады», – деген бір ауыз сөзі ақиқат айнасы екенін көбіміз ұғына алмай жүрміз.
Тағдыр тәлкегіне түскен, мұқтаж жандарға көмек көрсету табысқа жетелейтінін өмір дәлелдеп келеді. Далада қалған отбасыға баспана алып беріп, баласының еміне ақша таппаған ананың қажетін өтеп берген арда азаматтарды талай көріп жүрміз. Бірақ содан бағы немесе байлығы кемігенді байқамаймыз. Әншейінде, бір мүлік, жиһаз үшін немесе шетелге демалуға кеткен қаржының орны ойсырап қалатыны бар, бұл қалай? Әлеуметтік желіде көмек сұраған мұқтаж жанға, көшеде қайыр сұраған адамға азын-аулақ ақша тастап кетсеңіз, күні бойы біреуге көмегіңіз тигені көңіліңізді көтеретіні рас. Барлық жоспар ойдағыдай орындала кететіні бар. Бұл жолдың ашылғаны, дұғаның қабыл болғаны десек жарасады.
Қазақ ұлт болғалы жаңа ғасыр басталғанша құдайы ас беруден жалыққан емес. Жақсылықтың бұл түрін есік алдындағы балалар «құдажол» атап кеткен. Құндылықтың түбіне үңілер болсақ, осы дәстүр арқылы қазақ айналасындағыларға қайырымдылық жасаған. Құрбандыққа шалынған малдың етін жеті үйге үлестірген. Жақындары өмірден қайтқандарға, жұма күндері құран бағыштап, садақа ретінде жеті шелпек таратқан. Бүгінде бір сәтте сәтсіздікке ұрынып, қайғылы жағдайға ұшырауының көбеюіне осы дәстүрден алыстағанымыз себеп шығар деген ой да маза бермейтіні рас. Үйге қонақ шақырудан алыстаған жұрттың біреуге қайырымы тиетіні күмәнді мәселе. Мұның өзі тылсыммен байланысты қашықтатып, қуанышта, қайғыда Құдай қайырынан қалыс қалуға әкелетіні даусыз.
Адам баласы мүлде жақсылық істемей өмірден өтуі мүмкін емес. Басынан қиындық арылмағандар қатарында адамгершілігі аз, садақасы санаулы жандар болса керек. Мысалы «Титаник» суға батқанда, кемеде Джон Джейкоб Астор есімді миллионер болған екен. Оның банктегі қаржысы дәл осындай 30 «Титаник» құрастыруға жетеді-мыс. Ажалмен бетпе-бет келгенде азамат адамгершіліктен айнымай, «шлюпкадағы» орнын үрейден зәресі қалмаған екі балақайға ұсыныпты.
Америкадағы ең ірі Macy’s универмагтарының иесі Исидор Штраустың да бақытсыз кемеден бой тасалайтын мүмкіндігі болған. Ол: «Мен шлюпкаға басқа азаматтардан бұрын отырмаймын», – депті. «Күйеуім бармаса, мен де бармаймын» деп зайыбы да өз орнын қызметкері Эллен Бердке беріп, өмірінің соңғы минуттарын күйеуімен өткізуге бел байлапты. Елден ерекше бай бола тұрып, тығырыққа тірелгенде, өлім аузында тұрса да адамгершілік көрсеткен. Олар мәңгілік өмірге аттанар сәтте өлшеусіз жақсылық жасап, адамзат өркениетінің және адами болмыстың құндылығын асқақтатып кетті!
– Мен ажал аузындағы адамдардың соңғы сөзін көп тыңдадым. Өлер алдында олар: артық миллион таппай кеттім, зәулім үй салмадым, жетістікке жетпедім» демейді. Соңғы сәтте адам жақсылық жасамай кеттім деп жылайды. Ет жақынын, кездейсоқ алдына келген адамды қолдамағанын, көмектесе алмағанын айтып өксиді, – дейді архимандрит Тихон Шевкунов.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
28 қыркүйек 2021 ж. 400 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 103

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 71

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031