Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қызметін дәріптеген көрме өтті

Полиция қызметін дәріптеген көрме өтті

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні «Тәуелсіздік жылдарындағы Ішкі істер органдарының жетістіктері» атты фото көрме Әйтеке би кентіндегі №288 орта мектепте өтті.
Бұл көрме Қазалы ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерінің қызмет барысы бейнеленген тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін, кәсіби дамуын және қоғам алдындағы жауапты қызметін паш етеді. Тәуелсіздік алған 1991 жылан бастап ішкі істер органдары еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықпен күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.
Көрмеде ішкі істер саласындағы маңызды реформалар, заманауи техника мен технологиялардың енгізілуі, полиция қызметкерлерінің ерліктері мен батырлығы туралы материалдар ұсынылған.
Сондай-ақ, Қазақстан полициясының халықаралық ынтымақтастықтағы жетістіктері, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі табыстары да көрініс тапқан.
Экспозицияда фотосуреттер, деректі материалдар, марапаттар мен қызметтік үлгілер қойылып, оқушы балаларға ішкі істер органдарының дамуы мен бүгінгі кәсіби бейнесі жан-жақты таныстырылды.
Көрменің мақсаты — тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын сақтауға үлес қосқан полиция қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, жастарға отансүйгіштік пен адал қызмет ету үлгісін көрсету болып табылады.
26 қазан 2025 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031