Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жомарт жандардың жақсылығы

Жомарт жандардың жақсылығы

Халқымызда “Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің” дейді. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер садақа саналады. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – қайырлы іс. Отбасынан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыс, жалпы жұртқа көмек беру – азаматтық асыл қасиет.
Бүгінде ауданда дүниежүзін шарпыған індеттің таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде халықты демеп жатқандар қатары көбеюде. Бұлардың қатарында Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешіті мен «Асыл-Иман-Ихсан» қайырымдылық қоры да бар. Дін өкілдері тұрмысы төмен 15 отбасыға азық-түлік үлестіріп үлгерген. Аудандық аурухананың жас дəрігерлері К.Баспаев, Қ.Ибрагимов пен А.Қазиұлы көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен бірге бірқатар жомарт қолды кәсіпкер азамат 50 отбасыға азық-түлік пакеттерін жеткізіп берді.
Сондай-ақ түктібаевтық “Қожа Орынбет ишан” мешітінің имамы Ғ.Ізат пен жеке кәсіпкер Р.Жасақбай 14 отбасыны азық-түлікпен қамтыды. Сын сағатта жүрек жылуын сезінген мұқтаж жандар қайырымды азаматтардың бұл қолдауына шексіз ризашылықтарын жеткізуде. Осындай қиын кезеңде жабырқағанның жанынан табылып, игілікті іске ұйытқы болған жомарт жандардың үлгісі басқаларға сабақ болса нұр үстіне нұр дер едік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
21 сәуір 2020 ж. 2 194 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930