Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшылардың сауапты ісі

Спортшылардың сауапты ісі

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген тәмсіл бар. Оның үстіне ауданда көмекке мұқтаждарға қол ұшын созып жүрген жандардың бар екенін айту ләзім. Осы ретте өткен сенбіде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешіті және «Қазалы қайырымды жандар» еріктілер тобының ұйымдастыруымен кіші футболдан қайырымдылық турнир өтті.
Сайысқа баслығы 12 команда қатысты. Атап айтсақ «Төретам жастары», «Арзан», «ТД-23», «Қайсар», «Қайсар жастары», «Қазалы қаласы», «Авангард», «Құмжиек», «Намыс», «Достар», «Жанқожа мешіті» командалары бақ сынады. Нәтижесінде үштікке кірген «Төретам жастары» үшінші орынды місе тұтты. Бірінші орынға талас ерекше болды. Ақырында ақтық мәредегі қос команда тең дәрежеде өнер көрсетіп, «Намыстың» жігерлі жігіттері екінші орынды қанағат қылды. Ал «Жанқожа мешітінің» ұжымы үздік деп танылып, бірінші орынды еншіледі.
Айта кетейік, шараға жиналған қаражат көмекке мұқтаж отбасыға табысталды. Нақтыласақ, Арай есімді бүлдіршіннің ем-домына берілді. Осы тұрғыда ерікті жас Әсем Көшербаева:
– Қайырымдылық шарансын ұйымдастырудағы мақсатымыз көмекке зәру отбасыларға қол ұшын созу. Ауданда жүрегі жұмсақ, айналасына шуағын шашып жүретін азаматтар бар екенін ескерсек жағдайы төмен жандарға көмек көрсетуге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атсалысқан дұрыс секілді. Бұл алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондықтан қолдау көрсетуге ниетті қаны қазақ бауырларымыз болса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді.
Сайыс соңында командаларға сыйлықтар үйлестіріліп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы ауданда мұндай қайырымдылық шарасы алғашқы рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Бұған дейін екі мәрте жоғары деңгейде өтіп, көмекке зәру жандарға ақшалай қолдау көрсетілген еді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
16 маусым 2020 ж. 962 0

Жасыл алма

28 қаңтар 2025 ж. 127

Сыр сүлейі Ерімбет

28 қаңтар 2025 ж. 114

Асығы алшысынан түсті

28 қаңтар 2025 ж. 114

Қолөнер – өшпес мұра

28 қаңтар 2025 ж. 105

Шабандоздар шаң қаптырды

28 қаңтар 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031