Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемқызметшілер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

Мемқызметшілер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндетті болуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бойынша Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жарияланған.
"Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданысын кеңейту мақсатында мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тіл біліміне шек қоюға болады деп ойлаймыз", - делінген құжатта.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтің жұмыс жүйесі қоғамдық қатынастар процестерімен байланысты екенін атап өтті.
"Қоғамдағы қазақ-орыс билингвизмінің даму серпіні де мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға әсер ететіні сөзсіз", - делінген агенттік құжатында.
02 қыркүйек 2021 ж. 364 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930