Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жүректер жырлайды

Жас жүректер жырлайды

Тамыздың жиырмасыншы жұлдызында Қазалыда әр ауданнан келген жастардың қатысуымен поэзия кеші өтті. Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен өткен кештің басты мақсаты – өңірдегі жас буынның өнерімен танысып, рухани орта құру.
Қонақтар орталық алаңға жиналған соң, Қазалы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев, жас ақын Ақжол Түменбай бастаған қазалылық дарынды жастармен бірге Жанқожа баба кесенесіне соғып, құран бағыштады. Тарихтың сырға толы қатпарлары көп. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінің бітіруші түлегі Рамазан Әбілдос Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бабаның ататегі, жорықтары мен қазаға ұшырауы туралы тарихи фактілермен таныстырып өтті. Қазалылық ұйымдастырушылар ары қарай ежелгі оғыздардың астанасы Жанкент шаһарына жол бастап, қонақтар киелі мекенді көзбен көріп қайтты. Осындай тарихи экскурсиядан кейін поэзия мен өнер кеші «М-бай» кафесінде жалғасын тапты.
Қазалы бұрыннан өнерге кенде емес. Бұл кеште күй тартылды, ән де айтылды. Жыр оқылып, әдемі әңгіме де өрбіді. Алтынбек Қыстаубаев пен Аружан Оралбай бастап жұптық өнер көрсетіп, өлеңдерін оқыды. Келген жұрт қазалылық Бекзат Серіков пен Елнұр Нұрқасым арасындағы айтысты тамашалады. Дина Бөкебай мен Биболат Сәтжан, Сымбат Сұлтан мен Бекарыс Назар, Айдар Сайлауов пен Ақтілеу Қалдыбай жұптары кешті жалғастырып, екі жақтың сыйластығымен нүкте қойылды.
– Поэзия кештері алғаш Қорқыт ата университетінің студенттері арасында басталды. 2 апта сайын Қызылордада еркін форматта поэзия кешін ұйымдастырып келеміз. Қанша жасты таныдық, ортамыз толысуда. Өнерлі ортаға қызыққан облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев жас ақындардың жинақ кітабын шығарып беремін деген еді. Содан бастап әр ауданға барып, өздері ұйымдастыратын кешіне қатысып, жастардың өлеңдерін жинақтап келеміз, – дейді Жанар Бимұратқызы.
Өнерлі жастарды біріктіріп, рухани ортаға айналдырар кештер легі тоқтамаса деген тілек бар.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 тамыз 2021 ж. 991 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930