Сырдарияда 2377 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеп тұр
Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласының дамуы мен әлеуметтік нысандардың қысқы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды.
Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте кәсіпкерлік саласының даму барысы және әлеуметтік нысандардың қысқы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың негізгі тірегі екенін атап өтті. Ауылдық округтердегі кәсіпкерлік саласын дамыту күнделікті бақылауда тұратынын айтып, жобаларды сүйемелдеуге басымдық беру қажеттігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Ахетов баяндама жасады.
«Аудан бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне 2579 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның 2377-і жұмыс жасап тұр. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 190,2 млн теңгенің 41 жобасы несилендірілді. Жыл басынан бері А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Жетікөл, Айдарлы, Іңкәрдария, Қалжан ахун, Шаған және Шіркейлі ауылдық округтерінде бірде-бір жоба қаржыландырылмаған. Дегенмен, қазіргі таңда «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на және «Атамекен» МҚҰ-на ұсынуға дайын 318,2 млн теңгенің 79 жобасының тізімі жасақталды. Оның ішінде «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 152,2 млн теңгенің 39 жобасы және «Атамекен» МҚҰ-на 166,0 млн теңгенің 40 жобасы ұсынылды. Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында «Стартап»жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 138 адамға 583 400 теңгеден 80,1 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді», – деген бөлім басшысы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тамыз айының 10-12 күндері аралығында барлық ауылдық округтерде кәсіпкерлік саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Бүгінде аталған кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, жинақталуда. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі қосымша ауыл әкімдерінің де хабарламасын тыңдап, атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров баяндама жасады.
«Аудандағы нысандардың 39-і сұйық отынмен, 34-і қатты отынмен, 7-і табиғи газбен жылытылады. Аудан бойынша әлеуметтік нысандарға қажетті2212 тн сұйық және 3672 тн қатты отын сатып алуға облыстық және аудандық бюджеттен 444,0 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандардың қоймасында 86,5 тн сұйық және 334 тн қатты отын қоры бар. Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын қарап шығу мақсатында сала мамандарымен елді мекендердегі әлеуметтік нысандарға тексеру жүргізілді. Тексеру барысында қазандықтарға, жылу жүйелеріне, айналым насостарына, қосалқы генераторлардың сапасы тексерілді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне 1 қыркүйекке дейін қойманың сыйымдылығына сәйкес отын қорын түсіру ұсынылды», – деген бөлім басшысы Шіркейлі ауылдық округіндегі емхана ғимаратында, сондай-ақ бірқатар мектептерде мәселе бар екенін атап өтті.
Шіркейлідегі мәселені шешу үшін әкімшілік ғимаратынан арнайы бөлмелер әзірленіп, емхана персоналын көшіру жұмыстары ұйымдастырылып жатқанын айтты. Ал білім бөліміне қатысты мәселелер тиісті бөлім басшысына облыстық білім басқармасымен бірлесіп тез арада шешу тапсырылды.
Аудан басшысы жылыту маусымының маңыздылығына тоқталып, әр ауылдың халқына қажетті отын қорының болжамды көлемін анықтап, отын қорын жеткізуді, тиісті мердігер мекемелермен келісімдер жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ көгілдір отынға қосу жұмыстарына байланысты кент тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық іс-шараларды үйлестіруді міндеттеді. Аппарат мәжілісіндегі тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына жүктелді.