Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
3 жыл бұрынғы байқаудан ерекшелігі сол, биылғы іріктеуде үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі тексеріледі. Ол үшін резерке өтем деушілер ресми Қазтест тапсыруы тиіс. Жалпы, бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу қазан мен желтоқсан айлары аралығында жүргізіледі. Оның алғашқы сатысына 1 мың үміткер қатысады. Бұл кезеңде үміткерлер Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында жеке кабинет ашып, тіркелуі тиіс. Әр кезеңде жастар ситуациялық тапсырманы орындай отыра білім тереңдігін, сараптамалық ойлау қабілетін, тапқырлығы мен шешендігін дәлелдеуі тиіс. Байқаудың соңғы сатысында тек 50 үміткер Президенттік жастар кадрлық резервіне алынады. Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры: – Ұлттық комиссияның отырысы қорытынды кезең болып табылады. Оның құрамы Президенттің жарлығымен бекітіліген. Ұлттық комиссия қажет болған жағдайда үміткерлерді жүзбе-жүз сұхбаттасуға шақыра алады. Ұлттық комиссияның қорытындысы бойынша елуден аспайтын үміткерді резервке алу туралы шешім қабылданады.


16 тамыз 2021 ж. 661 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031