Тойға тойтарыс бола ма?
«Сізде қыз бар, бізде ұл бар дегендей» деп сөз бастайтын ата-апалар бұрын қалай жөн-жоралғы жасаса, бүгін де сол. «Той жасамаңыз», «үйге үйіп қонақ шақырмаңыз» деген ескертпелердің елге ескертілгеніне жарты жылдан асты. Құлақ асқандар жоқ деуден аулақпыз. Одан бөлек қоғамның қауіпсіздігі мен қуаныштың арты қазаға апармауы үшін той-томалақты кейінге ысырып, ысыраптан тыйылған ағайын аз емес. Бірақ таяқтың екі ұшы бар. Сол секілді екінші ұшындағылардың басында не барын білу мұңға айналды бүгінде. Өйткені «болмайды» дегенді болдырып, аулаға аппарат қондырып, қақпаны іштен бекітіп, той жасағандар тым көп. Оны көз көріп, құлақ естіп жүр.
«Көлікті ауланың алдына қоймаңдар, тәртіп сақшылары біліп қойса, айыппұл салады», «той ауласына топпен кірмеңдер, күмән тудырады» деп тап бір шайқас алаңында стратегия құрғандай, келетін қонақтарға нұсқаулық беретіндерін қайтерсің. «Тойға барсаң, бұрын бар, бұрын барсаң, орын бар» деген сөзді ту етіп, кешікпей той ауласына еніп кетуге тырысатын қонақтар не ойлады екен деп ойланасың?.. Денсаулық өзімізге керек екенін ұмытқандай көрінеміз кейде?
Рас. Той – қазақтың қазынасы. Алайда соңғы екі жыл ішінде індеттің сәт сайын өршіп, тұрғындарға қиын жағдай туындатып отырғаны әзірге тойдан тыйыла тұру қажеттігін айғақтайды. Соған орай Жамбыл Алпысбайұлы «карантин режимін пайдаланып, тойды реттейтін арнайы заң қабылдау керек» деп есептейді. Алдағы 5 жылда той өткізуге тыйым салу қажеттігін айтады. Оған кеткен қаржыны басқа мақсатқа жұмсаған жөн.
– Қазақ қоғамында қордаланған мәселе көп. Қытайдан басталған коронавирус пандемиясы тек біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін де жығылғанға жұдырық болды. Алда не күтіп тұрғанын ешбір сарапшы дөп басып айта алмайды. Жаз шығып күн ысыса да, коронавирус жұқтырғандардың саны азаймай тұр. Осындай қиын жағдайда бірнеше қалада тұратын тойханалардың иелері, әртістер мен асабалар тойханаларды ашып, той жасауға рұқсат беруді талап етіп жатыр. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Айтуларынша, бір айда 10-15 миллиондық ақша айналымын жасайды екен. Енді сол табыстарынан қағылып отырғандарын тілге тиек етеді. Ал енді сол көлемдегі ақшалары қалай және қайдан келеді деген сұраққа ойланып көрейікші? Әртістер мен той бизнесінде жүргендердің қоржынындағы қаржы – сіз бен біздің қалтамыздан шыққан, жылдар бойы тапқан маңдай тер еңбегіміз. Мен осы саланы біраз уақыттан бері зерттеп келемін. Сондықтан да, осы уақытқа дейін түйгендеріммен бөлісуді жөн санадым. Қазақстанның қай қаласына бара қалсаңыз да, құжынаған тойханаға кезігесіз. Сол тойханаларда жұмыс істейтін қазақтың өрімдей жас қыз-жігіттері. Оларды кем дегенде 5-10 сағат жұмыс істетіп, 1500-2000 теңгенің көлемімен қатырады, – дейді ол.
Біздің кейіпкер «тойсыз-ақ неке қиып, бақытты болуға болады» деп есептейді. Оның пайымдауынша, ұлан-асыр той жасаудың орнына екі жасқа пәтер алып немесе бір кәсіп ашып беруге болады. Тіпті болмаса, шет елдерге саяхатқа жіберсін. Өмірдің қызығы тек тоймен шектелмейді. Дегенмен той бизнесінен нәпақасын тауып, бала-шағасын асырап жүргендер бұған үзілді-кесілді қарсы. Той жасауға тыйым салу – «жиған-тергенің тойда шашылсын» дейтін қазаққа мүлдем жат нәрсе деген ойда. Асаба әрі шоумен Данияр Кенжебай қазақты қуанышынан айырмау керек деген пікірде.
– «Жол болмайды асусыз, той болмайды шашусыз» деп жатамыз. Қазақ ешқашан дүние қумаған. Біз жиған-тергеніміздің барлығын тойға шашамыз, сол жерде көрсетеміз. Әрбір адам баласы үйлену тойын жасағысы, келін түсіргісі келеді. Мұндай күнді неге дүркіретіп тойламау керек?! Алайда кейбір пікірлермен келісуге болады. Кей кезде тойда көп шығындалып, шашылатынымыз да рас. Бір-бірінен қалмау үшін несие алатындар да бар. Қымбат мейрамханада той жасаудың орнына киіз үйді жалға алып, әдемі безендіруге де болады. Әр адам шамасына, қаржысына қарап той жасау керек. Дегенмен «той өткізуге 5 жылға мораторий жариялау қажет» деген пікірмен келіспеймін. Адам санын шектеп 50-60-қа дейін өткізуге болады.
Одан бөлек бұл салада көп адам жұмыс істейді. Әр адамның қабілеті де әртүрлі. Табыс көзі де басқа. Біреу аспаз, оның қолынан дәмді тағамдар әзірлеу ғана келеді. Оның кәсібі сол. Ертеңгі күні той болмаса, ол құрылыста жүріп, үй сала алмайды. Өйткені, оның қолынан келмейді. Мен қара жұмыс істей алмаймын. Бәлкім, халықтың көңілін көтеруге жаралған жан шығармын. Халық қалтасы көтерсе, мейрамханада жасасын. Шындап келгенде қанша жерден айыппұл салына берсін, той десе делебесі қозатын қазақ той жасамай отырмайды. Оның үстіне жауаптылар қуаныш үстінен түсіп айыппұл салса, сол жерде төлем жасап, тойды әрі қарай жалғастырып кете береді қазекең, – дейді ол.
Ал, тойға қажетті қолөнер бұйымдарын жасап, нәпақасын тауып жүрген Айсұлу Нұрланова соңғы кезде тапсырыстың төмендеп кеткенін айтады. Ол «қазақты тойсыз елестету мүмкін емес» дейді.
– Мен тойға қажетті қолөнер бұйымдарын, «тойбастар» секілді естелік сыйлықтарды жасаумен айналысамын. Қазіргі карантин уақытында адамдардың көпшілігі өздерінің мерекелік шараларын қашан тойлайтындарын білмей дал болып жүр. 400 адамдық тойлардың көпшілігінде қонақтардың саны азайып, 40-60 адамға жетті. Халық өздерінің бақытты сәтін барынша қарапайым өткізуге тырысуда. Тиісінше, табыс көзі де азайды. Бірақ, алдағы уақытта аста-төк той өткізуге тыйым салынса да, халық кез келген жағдайдың шешімін табады деген ойдамын, – дейді ол.
Осы мәселеге қатысты аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Олжас Кужахметовпен байланыс құрған болатынбыз. Ол жыл басынан бері бүгінге дейін мониторингтік топтар үздіксіз жұмыс жасап жатқанын айтады.
– Аудан әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №136 өкімімен аудан көлемінде мониторингтік топтар бар. Олар жергілікті жердегі эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына рейдтік іс-шаралар жүргізу мақсатында құрылған. Топтардың құрамына жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау, денсаулық сақтау және өзге сала өкілдері енгізілген.
Қазірге дейін жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында карантиндік шектеулер ережесін бұзған 69 азаматқа айыппұл салынды. Оның ішінде той өткізген 27 жеке тұрғын үй бар. Расында ауданда той жасаушылар қатары көбеймесе, азаяр емес, – дейді полиция майоры.
Десек те, ауданда талаптың күшейгеніне қарамастан, той, садақа өткізу тоқтамай тұр. Халық қауіп-қатердің бар екенін ескерместен, қонақ шақыруын жалғастыруда. Жуырда әлемжеліде Батыс Қазақстандағы ақпаратқа көз түсті. Онда айыппұл мөлшері екі есеге көтерілгені көрсетілген. Нәтижесінде той жасаушылар қатары әжептәуір азайған. Індет жұқтырушылар тойда көбейіп жатқанын ескерсек, бұл оң шешім деп айтуға болады. Қалай ойлайсыз, шектеу шараларын күшейте отырып, дүркіретіп той жасаған ағайынға салынатын айыппұл мөлшерін тағы да өсіру керек пе? Сонда вирус жұқтырғандар көрсеткіші төмендер...
Абзал ЖОЛТЕРЕК