Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ілімге толса көкірек, ашылар көзі санаңның

Ілімге толса көкірек, ашылар көзі санаңның

Қазір адамдарға жан жылуы, жылы қарым-қатынас жетпейді! Рухани азық жоқ! Бұрын рухани азық болар дүниені кітаптан оқып, теледидар мен радиодан жанды жадыратар ән, құлақ құрышын қандырар күй, ой салар термелер мен жүректі оятар дәстүрлі ән тыңдап, көріп, өскен буын едік. Көкірек көзіміз рухани дүниеге толы еді.
Бүгінде соның бәрінен ада болып, бос қалған орынды немен толтырамын деп, біреудің “ана жерден жұлып алған, мына жерден үзіп алған” ақылын соңғы ақшасына сатып алып, қалтасы қағылып, өзін-өзі таба алмай, адасып, кейін одан бетер күйзеліп кеткендер көп.
Тренингке бармай, жоғары оқу тауыспай, ғалым болмай ақ, ұлттық тәрбиемен өнегелі ұрпақ тәрбиелеген ұлтымыздың көзі ашық еді.
“Балалығыңды сағынсаң — нағашыңа бар, жігіттігіңді сағынсаң — қайныңа бар» деген кешегі қазақтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан туыстық қарым-қатынасына сызат түсті.
“Құдайы көрші”, Көрші хақысы -Тәңір ақысы” дейтін бұрынғы қазақтың бүгінгі ұрпағы көрші тұратын қоңсы-қолаңының аты-жөнін білмейді, көшеде көрсе танымайды, амандаспайды. Темір есікке қамалып әркім өзімен-өзі оқшау өмір сүреді. Тіпті көршің кім, қайда жұмыс істейтінін де білмейсің. Темір есіктің артында не қайғы, не қуаныш болып жатқанында бейхабарсың.
Тіпті өткенде көршісінің велосипеді жоғалып, көршісінен күмәнданған бір оқиғаны естіп, жағамды ұстаған едім.
“Туыс – атадан, көрші – Алладан”,-дейтін қазақтың бүгінгі ұрпағы туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң қарым-қатынасынан ажыраған сайын қатігезденіп бара жатқан тәрізді.
Туыстық мейірімнің аздығын, бауырмалдықтың жоқтығын көріп өскен ұл-қыздарымыз жаға ұстатар қылмыс жасап, адамзатқа да, жануарға да қиянат жасайтынын көзіміз көріп отыр.
Вацап туыс, вацап дос, вацап ағайын, вацап көрші болдық!
Қазақ қазақтығын ұмытқан заман болды. Көбіне жаназада кездесетін туыс болдық. Тіпті туысын тойға да алалап шақыратындар бар. Өйткені ащы да болса шындық қазір тойдың өзі Қожанасырдың “же, шапаным жесіне” айналды. Шапаның қымбаттау болса, туысқа қажетсің, шапаның арзандау болса, туысқа жатсың.
Əйтеуір туыс қайтыс боп жатса, сол туысыңнан ұялғаннан емес, аруақты сыйлап, Алладан қорқып барады. Əйтпесе туыспен араң суық, жатқа айналып барады, сен оның балаларын, ол сенің балаларыңды танымайды, сенімен сырласпайды, саған ақыл-кеңес айтпайтын туыстар болды.
Нағашы жұрт -нағыз жанашыр дейтін қазақтың бүгінгі ұрпағы нағашы жұртпен араласпайды.
Осы ұрпақ, осы буын осындаймыз, осылай жалғаса берсек, ертең балаларымыз туыс деген қазақтың қасиетті ұғымынан жұрдай болады.
Баяғыда қазақ “Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп”дейтін. Қазіргінің хит мақалы: “Ағайын болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алмайды”. Жалпы күншілдік, көре алмау, қызғаныш кең далада көшіп жүрген, кең қазаққа жат нəрсе еді.
Қазір “ВАЦАП ТУЫС” болдық.
Араласпаймыз, бармаймыз. Құдайы қонақ болмаймыз.
Жаны күйзеліп, ақыл- кеңес қажет болса, ақылы тренингке баратын қазақ болдық.
Неге? Себебі осы əпке-сіңлі сырласпайды. Аға інісіне бармайды. Апаларымыз жөн сілтемейді. Ағаларымыз ақыл айтпайды. Бір-біріміздің үйімізге алдын ала хабарласпай, шақырусыз бармаймыз, қонақты үйге емес, мейрамханаға шақырамыз.
Бұл бүгінгінің трагедиясы!
Сонымен, қазақ қайда барамыз? Қазақылығымызды сақтап, болашақта қазақ болып қала аламыз ба?
Көпке топырақ шашпаймын, бірақ осындай жағдай көбейіп келе жатқанын және бұл біздің ұлттық ерекшелігімізге, ұлттық болмысымызға,  ұлттық сана-сезімімізге, ұлттық тәлім-тәрбиемізге төнген қауіп екенін айтқым келді. Жаһандану заманында айдың күннің аманында білгенімізден айырылып, түбімізді білмей, түгін білмейтін ұлтқа айналмайық.
05 қараша 2020 ж. 1 095 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930