Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер коронавирустың жеңіл түрінің симптомдарын атады

Дәрігер коронавирустың жеңіл түрінің симптомдарын атады

Коронавирустың ауыр формасы кезінде адамның басы ауырады, өзін біртүрлі ұстайды, күрт әлсіреп, дене қызуы 39 градустан жоғары болады
Вакцинадан кейін коронавирус жұқтыру қаупі едәуір азаяды, тіпті ауырып қалған күннің өзінде ауру жеңіл өтеді. Дәрігер-терапевт Георгий Сапего Sputnik радиосына берген сұхбатында COVID-19 жеңіл формасының симптомдарын атады.
Ол коронавирустың жеңіл түріне шалдыққанда, тұмауға ұқсас белгілер байқалатынын атап өтті.
"Жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттің сырқырауы, әлсіздік. Физикалық қозғалыс кезінде аздап ентігіп қалуы мүмкін",– деді дәрігер.
Айтуынша, COVID-тың ауыр формасының симптомдары мүлде бөлек.
"Ол кезде адам қимылдаса да, демалып жатса да ентігеді, тыныс алуы қиындайды. Басы ауырады, өзін біртүрлі ұстайды, күрт әлсіреп, температура 39 градустан жоғары болады", – деп түсіндірді Георгий Сапего.
Мұндай белгілер екпе алмаған, басқа да ілеспе аурулары бар адамдарда байқалады.
"Қарт адамдарда коронавирус ауыр өтеді. Қант диабеті, семіздік, иммунитетпен байланысты созылмалы аурулар да ауыр формаға әкеп соғады", - деп ескертті терапевт.
Ол вакцина COVID-19-дың ауыр формасымен ауыру қаупін бірден төмендететінін айтты. Тіпті екпенің бірінші дозасы бір-екі аптадан кейін инфекцияға қарсы иммунитет қалыптастырады.
09 тамыз 2021 ж. 555 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930