Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тамағы қызарып, мұрны бітеледі

Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тамағы қызарып, мұрны бітеледі

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева коронвирустың жеңіл түрін сипаттап берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар тыныс алудан қиналмайды. Дене қызуы қалыпты немесе 38 градустан төмен. Сосын кабыну белгілері болады. Мысалы, тамағы қызарып кетеді, я болмаса, жыбырлап тұрады. Мұрны бітеледі, аздап жөтел пайда болады. Пульс минутына 60-80 рет соғады", - деді Ақтаева онлайн брифингте. Оның айтуынша, коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар және симптомсыз науқастар тест оң нәтиже көрсетсе де, ауруханаға жатқызылмайды. Оларды емхана дәрігері қашықтан бақылап отырады. "Ал пациенттің басы ауырып, әлсіреп, денесі сырқырап, қызуы 38 градустан асса, демікпе секілді интоксикация белгілері білінсе, коронавирустың ауыр түрі басталды деген сөз. Ондай науқастар стационарда емделуі керек", - деп түсіндірді Ақтаева.


19 маусым 2020 ж. 672 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 70

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 72

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031