Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 тамыздан бастап еліміздің бес қаласында карантин шаралары күшейтіледі

2 тамыздан бастап еліміздің бес қаласында карантин шаралары күшейтіледі

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Вице-премьер денсаулық сақтау министрі мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау облыстары басшылығының өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай туралы есебін тыңдап, медициналық ұйымдар мен халықты қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толыққанды және үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл өңірлерде биылғы жылдың 2 тамызынан бастап мынадай шектеу шаралары күшіне енеді: орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру; ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).
Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент қалаларымен (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағандымен (Теміртау, Шахтинск, Абай) шекаралас аудандарында карантин шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Өңірлердің әкімдіктеріне шектеулер енгізу және олардың сақталуын бақылау бойынша барлық шараларды қабылдау тапсырылды.
27 шілде 2021 ж. 407 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930