Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 5 қаласында жаңа карантиндік шектеулер енгізіледі

Қазақстанның 5 қаласында жаңа карантиндік шектеулер енгізіледі

Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.
Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.
"Бұл өңірлерде биылғы жылдың 2 тамызынан бастап мынадай шектеу шаралары күшіне енеді:
- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда)", – делінген хабарламада.


27 шілде 2021 ж. 697 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031